• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:39:13
Алматы
+35°

Жамбыл облысындағы Қордай ауданында инвестиция көлемін арттыруға айрықша басымдық берілуде. Айта кету керек, 2018 жылы өңірде ірі жобалар жалпы 8,9 миллиард теңгеге іске асырылған болатын. Оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының құрылысы 6,096 миллиард теңгені құраса, «Жел электростанциясы» жобасы - 1,878 миллиард теңгеге жүйеленді. Сондай-ақ 1,025 миллиард тенге көлемінде жылыжай құрылысы жанғандан еді.

Биылғы жылғы межеге де билік тарапынан баса көңіл бөлініп отыр. Ағымды жылдың 8 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі әзірше 10772,7 миллион теңгенің шамасында.

Ағымды жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі болжамға сәйкес 11269,9 миллион теңгені немесе нақты көлем индексі 71,5 пайыз болады деп күтілуде. Инвестиция көлемі бюджет қаражаттың есебінен - 1544,8 миллион теңгеге, өзіндік қаражат есебінен - 9931,6 миллион теңгеге, оның ішінде: өнеркәсіп кәсіпорындарымен - 437,8 миллион теңгеге, ауыл шаруашылығы есебінен - 2276,4 миллион теңгеге, тұрғын үйлерді іске қосу - 1611,0 миллион теңгеге, басқа да жұмыстар -3931,6 миллион теңгеге орындалуы көзделуде.

Бекітілген межеге сәйкес индикатор 15095,2 миллион теңгеге жоспарланып, 74,5 пайызға орындалу болжамда.

Жалпы, ағымды жылдың 9 айында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 10345,9 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, 90,4 пайызды құрайды деп күтілуде. Сәйкесінше Жамбыл облысының әкімі және аудан әкімі арасындағы келісімдегі бекітілген индикатор 10075,0 миллион теңгеге жоспарланып, 103 пайызға орындауы болжанып отыр.

Бұл тұрғыда өнеркәсіп кәсіпорындарының әлеуетін артырудың маңызы зор. Ол үшін мемлекеттік бағдарламалардың тигізіп жатқан септігі мол. Осы орайда аудан бойынша ағымды жылдың 8 айында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 9179,1 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 98 пайызды құраған. Жалпы, Қордай ауданында тасшағал және әктас өндірумен аты алысқа кеткен «Ақтас», алтын мен күміс өндіретін «Центр Азия Голд Продакшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмыс істейді. Аталған өндіріс ошақтары шаруаларын ширатып, өнім көлемін арттырып жатса көрсеткіштіштің еселене түсетіндігі сөзсіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір