• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:45:13
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы мәдениет саласының қызметкерлерін де желпінтіп тастады. Өйткені, жылдың басты құжатында аталмыш саланың өкілдерін қолдауға қатысты нақты тапсырмалар берілді.

Мемлекет басшысы: «Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз.

Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе.

Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ.

Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды.

Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде.

Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс.

Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек» дей келе бұл бағыттағы бірқатар міндеттерді айқындап берді.

Расында да рухани жаңғыруға бет бұрған кезеңде мәдениет саласының қызметкерлеріне артылар жауапкершілік те жоғары. Өз кезегінде сала мамандары өз жұмыстарын жүйелі жалғастыруда.

Мысалы, Қордай ауданында тұрғындарға 19 мәдениет нысаны: оның ішінде 1 аудандық мәдениет үйі, 11 ауылдық мәдениет үйлері мен 7 клуб мекемелері, аудандық тарихи-өлкетану музейі, сонымен қатар 1 мобильді автоклуб «Зерде», 1 тұрақты киноқондырғы, 2 саябақ мәдени қызмет көрсетіп келеді.

Жалпы, аудан бойынша 1,5 миллион теңгеге 8 коворкинг және 8,3 миллион теңгеге цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылған. Олар: Степное ауылдық кітапханасында 1 білім орталығы, Қаракемер, Сарыбұлақ, Қайнар, Ауқатты, Масанчи, Сортөбе, Алға ауылдық кітапханаларында орналасқан. Сол сияқты орталықтар жыл соңына дейін Қарасай, Кенен және Сұлутөр ауылдық кітапханаларындада ашылатын болады.

Сондай-ақ аудандағы мәдени ошақтардың қатарын көбейту мақсатында «Мәдениет объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша Отар ауылына 180 орындық және Жамбыл мен Қарасу ауылдарында 90 орындық мәдениет үйлерінің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 13,1 миллион теңге қарастырылып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір