• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:34:54
Алматы
+35°

Тараз қаласы маңындағы Жетітөбе қорымында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде табылған алтын бұйымдарды зерттеген ғалымдардың бір тобы осы маңнан «Алтын адам» табылуы мүмкін» деген деректерді айтады. Оған себеп қорымда «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының» тапсырысымен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген «Археологическая экспертиза» жауапкершілігі шектеулі 49 дана саф алтыннан жасалған, зергерлік, әшекей бұйымдарды табуы болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Негізінде Жетітөбе қорымы ежелгі сақ дәуіріне жатады. Сондықтан бұл маңда «Алтын адам» табылуы мүмкін деген болжам қисынға келеді.

–Жетітөбеден табылған алтын бұйымдар Есік қаласынан табылған сақ патшасы «Алтын адамның» киіміне өте ұқсас келеді. Осы деректерге сүйеніп біз осы қорымда сақ патшасы болуы мүмкін деген тоқтам жасаған. Оның киіміндегі аң стиіліндегі ою-өрнектер асқан шеберлікпен, – дейді «Археологиялық сараптама» ЖШС-і директоры Дмитрий Воякин.

Тарихшы-ғалымдардың мәлімдеуінше бұл қорған күні бүгінге дейін сегіз рет тоналғанын көрінеді. Сондықтан да археологтар бұл қорымдағы «Алтын адамның» қолды болып кетуі де мүмкіндігін де алға тартады. ХІХ ғасырдың орта шенінен бастап әр жылдарда ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген бұл қорымды мамандар «Патшалар қорымы» санайды.

–Жетітөбе обалы қорымын зерттеу арқылы тарих ғылымы ерте темір дәуірі кезінде пайда болған аң стиліндегі ерекше өнер туындыларын танып біле аламыз. Сонымен қатар осы қорымында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген қорғандар, обаларды ашық аспан астындағы музейге айналдыру кезек күттірмейді. Кешенді ғылыми зерттеу жұмыстарына қолдау болса мұндағы топырақ астындағы құрылыс нысандарын, жерлеу ғұрыптық дәстүрлері қайта қалпына келтіріліп, бұл нысанды туристік бағытта қызмет етуге күш саламыз. Әрі қорым облыс орталығына жақын, қолайлы жерде, Ботамойнақ тауының етегінде орналасқан. Яғни тарихи, мәдени нысан мен табиғи ландшафт үйлесім тапқан орын, –дейді «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының» аға ғылыми қызметкері Сауран Қалиев.

Жалпы бұл қорымды 1861 жылы П.И. Лерх ашса, 1890 жылы Е.Ф. Каль, 1985-1986 жылдары П.Е. Қаратаев, Р.Б. Исмагилов зерттеп, қазба жұмыстарын жүргізген. Ал, 2012 жылғы «Археологиялық сараптама» жауапкершілігі шектеулі серіктесімен жүргізілген зерттеу жұмыстары оның маңыздылығы мен құндылығын одан сайын асыра түсті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір