• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
20 Қазан, 00:11:40
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

02 Қазан, 2019 Аймақтар

Медиация – бірлік негізі

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Медиация-бірлік негізі» әлеуметтік жобасы аясында Тараз қаласының Достық үйінде «Мектеп медиациясы» атты семинар-тренинг өткізді. «Жаңғыру жолы» ҚХА жастар қозғалысының өкілдері, колледж студенттері мен қала мектептерінің оқушылары білім беру ортасындағы жанжалдарды болдырмау және шешу бойынша медиативтік тәсілдер бойынша дәріс алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Семинар бағдарламасы заманауи медиациядағы шешендік шеберлік жүйесінде негізделген және аразданушы жақтарымен коммуникациядағы басты спикер ретінде медиатор бейнесінің сыртқы және ішкі элементтерін, сонымен қатар, коммуникативтік дағдыларын нығайтуға бағытталған тәжірбиелік жаттығуларынан тұрады.

Іс-шараны аша отырып, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Махсұдқызы жастардың қолында біздің мемлекетіміздің болашағы тұрғанын және осындай оқыту курстарын өткізу жанжалды жағдайларда өзін-өзі ұстаудың практикалық дағдыларын алуда белгілі бір нәтижелер беретінін атап өтті:

-Құқық бұзған бала өз құрбылары тарапынан айтылған уәждерге тоқтап, өзінің қателігін түсінеді. Бұл оның сондай әрекетті қайталамауына және жанжалды жағдайдан ұрыс-керіссіз, ренішсіз шығуына көмектеседі. Ата-аналар балаларының арасындағы дау-жанжалдарды өршітпей басуға, балаларының ашушаң, кекшіл болмай, көпшіл болып өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік алады. Осы орайда, олар бала жанын тереңірек түсініп, бала тәрбиесінің маңызын сезіне түседі. Менің ойымша, медиацияны жалпы білім беретін мектептерде ғана емес, колледждерде, университеттерде де енгізген жөн. Кәсіби және жоғары оқу орындарында да жастар арасындағы жанжалды оқиғалар әлсін-әлсін орын алып жатады. Ал, медиация қызметі оны екі тараптың мүддесіне сай шешіп қана қоймай, мұндай келеңсіздіктердің алдын алуға да игі ықпалын тигізетін болады, -деді Р.Убайдуллаева.

Медиатор-жаттықтырушы Сафонова Лариса Владимирқызы іс-шараға қатысушы жастарды оқу орындарында медиацияны қолдану және әр қолайсыз жағдайда қауіпсіз кеңістікті құру тәсілдерімен таныстыра отырып, дәрісті интерактивті тренинг форматында өткізді. Оқыту барысында шағын-дәрістер, практикалық жаттығулар, рөлдік ойындар, «миға шабуыл», дискуссиялар, жеке байланыстары бар имитациялық медиация әдіс-тәсілдері қолданылды. Қатысушыларға дау-жанжалды жағдайларды шешу жолдары мен медиацияны тиімді қолдану тәсілдері ұсынылды, олар делдалдық және келіссөздер арқылы табысты .

Семинар-тренингтен кейін қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік ұсынымдар берілді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір