• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:32:25
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан қарапайым халықтың күтері мен семімі мол болды. Негізгі бес басымдыққа бөлінген маңызды құжатта ел экономикасының дамуынан бастап, халықтың бірлігі, әл-ауқатын арттыруына, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына дейінгі өзекті мәселелер қамтылған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жолдаудағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімінде білім саласына үлкен серіпіліс берілсе, мәдениет, руханият саласы қызметкерлеріне үлкен қолдаулар көрсетілендігі көңіл қуантты. Иә, қай елдің болмасын тарихы мен елдігін, салт-дәстүрін танытатын басты құндылығы – сол халықтың мәдениеті, тілі, әдебиеті, рухани байлығы екендігі даусыз. Ал оны осындай ұрпақтар сабақтастығын жалғастыратын бүгінгі жастар екені белгілі. Сондықтан да білім саласы мен мәдениет саласының дамуына алдыңғы қатарға қою қашанда орынды деп ойлаймын.

Осындай тарихы тым тереңнен тамыр тартқан көпұлтты Жамбыл облысы Қордай ауданында бүгінде білім мен мәдениет саласына айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Мәселен соңғы жылдары ауданда қазіргі заман талабына сай жаңа білім беру нысандары іске қосылып, апатты мектептер, үш ауысымды оқыту жүйесі жойыла бастады. Тек өткен жылдың өзінде Көктөбе және Соғанды ауылдарында жаңа мектеп ғимараты оқу жылында қолданысқа берілсе, ағымдағы жылы Қордай, Қаракемер, Қайнар ауылдарындағы орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 392 миллион 653 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар бірқатар ауылдық округтердің білім беру ошақтарындағы орын тапшылығы мәселесі өз шешімін табуда. Ағымдағы жылы Қалғұты ауылында жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталса, келесі жылы Күнбатыс-2 және Масанчи ауылыдарына да жаңа мектептер салынып, оқу жылында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

Қазіргі заман талабы сандық технологияны меңгерген сауатты ұрпақ болмақ. Сондықтан да 2019 жылы аудан бойынша 9 мектепті робототехника кабинеттерімен қамтамасыз етуге 54,6 миллион теңге, 2 физика кабинеттермен қамтуға 14,5 миллион теңге бөлінсе, аудан мектептерінің оқу кабинеттеріне қажетті 359 дана интерактивті құрылғылармен (компютер, проектор, экран) қамту үшін 179,5 миллион теңге қаралды. Бұл білім саласын цифрландыру мақсатында қолға алынған жұмыстардың нәтижесі.

Осылайша Қордай ауданы Жолдау жүктеген міндеттерді мінсіз орындауға бар күшін салуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір