• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:49:48
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының «Жастар жылына» арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстың «Жаңғыру жолы» жастары республикалық «Елтану» туристік-өлкетану экспедициясы аясында Түркістан облысының тарихтан сыр шертер көне жерлеріне аралауға бағытталған экскурсияның екінші бөлімінде жастарды Түркістан күтіп тұрған еді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Экскурсияның екінші күні Қожа Ахмет Яссауи, Рабиға-Сұлтан Бегім кесенелері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңынан орын тепкен емдік қасиетке ие шығыс моншасы, Хильвет жер асты мешітіне, Шәуілдір ауылындағы Арыстан-Баб кесенесі (Қ.А. Яссауидің мұғалімі және рухани тәлімгері), Отырар қалашығы (археологиялық қазбалар), Отырар тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасаған жастар тарихпен бетпе-бет келгендей әсер алғандарын жасырмады.

Қ.А.Яссауи кесенесі XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәу ету орнына айналған. Мекеме қызметкерлері ассамблея жастарына бассұққан әр киелі орынды жіті таныстырды. Олар туралы көптеген ақпараттармен бөлісіп, тарих тұнығынан сусындатты.

Саяхат барысында штабтың белсенді мүшесі Лигостаев Артур:

- «Қазақ даласының әр тасын түртсең тарихын көресің. Бұл мен үшін өте қызықты сапар болды. Себебі, мұндай көріністер бізді сан ғасырларға көз жүгіртеді. Ал, өткеніміз - тарихымыз. Тарихта біздің ата-бабаларымыздың ізі бар. Бұл экскурсия бізге тек көңілді саяхат қана емес, тұнып тұрған руханият. Мен осында келгеніме өте қуаныштымын және осы саяхатты ұйымдастырған облыстық ассамблеяға алғысымды айтамын. Алдағы уақытта жастарға осындай рухани, мәдени, тарихи азық сыйлайтын өңіраралық «Өлкетану» турлары көп болса екен. Біз бір сәт күнделікті күйбең тіршіліктен сергіп, тарихқа саяхат жасап қайттық.» - деп өз ойымен бөлісті.

Сапар соңында ассамблея жастары Түркістаннан «тәбәрік» ретінде туыстары мен таныстарына түрлі сувенир-базарлықтар алып, киелі Түркістан кесенелері маңында суреттерге түсті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір