• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:21:17
Алматы
+35°

«Адал жүрек» жалпыреспубликалық қайырымдылық науқаны аясында «Жамбыл-адалдық алаңы» жобасы шеңберінде 600 жүзге жуық құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен салауатты өмір сүру салты мен мейірімділікті және парасаттылықты насихаттау, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық марафоны өтті. Марафонды Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан кейін Тараз қаласының Достық даңғылынан бастап Төле би көшесінің бойымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін 2400 метр жерді құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілер жүгіріп өтті. Әрбір қатысушы марафонның басталуы алдында ерікті түрде қайырымдылық жарнасын төлегенін де айта кеткен жөн. Шара соңында қатысушылар мен жеңімпаздарды ұйымдастырушылар кубок және дипломдармен марапаттады. Ал марафонға қатыспағандар облыстық қан орталығында қан тапсырып, қайырымды іс жасады.

Бүгінгі күнге облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 333,9 мыңнан астам адамға немесе 29,6 пайызға жетті. Соның ішінде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 147,4 мың адамды құрап отыр. Сонымен қатар спортпен тұрақты шұғылданатын дене мүмкіндігі шектеулі адамдар қатары 2746 адам немесе 7,9 пайызды межелеуде.

Қазіргі кезде өңірде облыстың бай спорттық дәстүрін табысты жолға қоюға барынша ықпал етіп отырған 48 спорт мекемесі бар. Олардың қатарында, спорт түрлері бойынша 6 спорт клубы, «Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы», «Жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы», «Тараз-Арена» спорт сарайы, «Облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернаты»,Талас ауданындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені», Қордай ауданындағы «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы» және 35 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері тұр. Олардың 30-ы аудан әкімдіктерінің құзырында.

Жалпы, облыстың спорт мекемелерінде спорттың 43 түрі қамтылған. Оның ішінде 24 олимпиадалық, 12 олимпиадалық емес және 7 ұлттық спорт түрлері.

Бүгінгікүнге облыста спорт нысандарының жалпы саны 2 364-ке жетсе, оның ішінде аудандарда 1 856 спорт нысаны орналасқан. Спорт нысандарының 98 пайызы халыққа қолжетімді. Жыл соңына дейін қолжетімділікті 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір