• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 02:53:29
Алматы
+35°

Атырау қаласындағы облыстық перинаталдық орталық басшысы жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты күдікке ілінді. Директордың бұйрығы бойынша нәрестені тоңазытқышқа салып қойғаны белгілі болды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдола мәлімдеді. 

Ш.Қабдоланың сөзінше, арнайы шұғыл амалдардың барысында перзентханадағылардың салғырттыққа жол беріп, жаңа туған нәрестені өлі туылды деп рәсімдегені анықталған. Алайда бұл кезде нәресте тірі болған екен.

«Нәрестенің тірі екенін білгенімен дәрігерлер мүмкіндігі бола тұра шұғыл шаралар қабылдаудың орнына, рәсімделген құжатқа сәйкес әрекет етуді ұйғарып, нәрестені өлімге қиған. Дәрігер мұндай әрекетке базадағы толтырылып қойылған құжаттарды өзгерткісі келмегендіктен барған. Оны қайта түзетуге болмайды екен», - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары жиын барысында.

Қылмыстық кодекстің «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бабы бойынша іс қозғалған. Іс бойынша перзентхана басшысы мен әйелді босандырған акушер-гинеколог күдікке ілінді. Нәрестенің өлімі туралы толық деректер тергеу барысында белгілі болды.

Естеріңізге салсақ, бастапқыда аталған перзентхананың басшысы сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған еді.

Қабдоланың мәліметіне сүйенсек, перзентхана басшысы демеушілердің ақшасына шетелге демалуға кеткен. Шұғыл амалдар кезінде перзентхана басшысының телефон арқылы нәресте туралы айтқаны анықталған.

«Біз бірден оқиға орнына бардық. Алайда уақыты бойынша үлгермедік. Нәресте тоңазытқышта көз жұмған. Бастапқыда басқа дерек бойынша жұмыс істеген едік, бірақ арнайы шұғыл шаралардың барысында осы деректі анықтадық», - дейді ол.

Осы уақытқа дейінгі аралықта Атырау облысында перинаталдық орталық басшысы босанушы әйелдің өлімі дерегі бойынша оң сараптамалық қорытынды беру үшін, Атырау облысындағы сот-медициналық сараптама институты мемлекеттік мекемесінің басшылығына 300 мың теңге көлемінде пара берді деп күдіктелген болатын.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір