• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:37:32
Алматы
+35°

Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесі жіті назарда. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа қазынадан 1 миллиард 600 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Нәтижесінде жыл басынан бері 237 мүгедек уақытша қоғамдық жұмыспен қамтылған. Оның 37-сі Тараз қаласының тұрғыны болса, қалған 200-і аудандарда тұрады. Сол секілді, әлеуметтік жұмыс орындарын дәл осы осы санатқа жататын 39 азамат уақытша жұмыспен қамтылған.

Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов өңір басшысының тапсырмасына сай мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту жоспарының тәртібі мен ережесін бекітуде мәселенің барлығы қыры мұқият зерделенетін айтады.

– Әлеуметтік бағдарламалар арқылы ең алдымен мүмкіндік шектеулі жандарды жұмыспен қамту ісіне басымдық беріледі. Бұл аталған топқа жататын азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталып отыр.

Бүгінде облыс аумағында 45 260 мүгедек тұрады. Оның ішінде 15 000 мүгедекті күнделікті тұрмысқа қажетті құрылғылармен қамтамасыз етуге 2 миллиард теңге қаралды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуда маңызды шара. Биыл 2528 мүгедек жұмысқа орналысты.Бұл мақсатта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тұрақты өткізіліп келеді, – дейді Тимуржан Бидайбекұлы.

Жалпы облыста биыл халықты жұмыспен қамту шараларына 11,2 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Аталған қаржыны мақсатты игеру нәтижесінде күні бүгінге дейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 29 920 жамбылдық тартылған. Сондай-ақ 3883 адам кәсіптік оқытумен қамтылса, 3103 адам қысқартылған оқыту курстарына жіберілді. Оқуды тәмамдаған соң оларға арнайы сертификаттар да табысталады. Тіпті осындай курстардан өткен кейбір жамбылдықтар өздерінің шағын және микро бизнестерін дамытуға 505 мың теңге көлемінде грантты иелену конкурсына да белсене қатысып жатыр. Сонымен қатар Жастар жылы аясында жас кәсіпкерлердің озық бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін 166 миллион теңге көлемінде 329 грант бөлінгенін де айта кету керек. Бұған қоса көп балалы аналардың кәсіпкерлік идеяларын іске асыру үшін 611 грант бөлінді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір