• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:12:30
Алматы
+35°

Головкин мен Деревянченко арасындағы кездесу басты жекпе-жек болатын бокс кешін "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

боксшылардың кездесуі 5 қазан, сенбі күні (Нұр-Сұлтан уақытымен 6 қазан) Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді. Қарсыластар бұған дейін мексикалық Сауль Альвареске тиесілі болған IBF белбеуі үшін таласады. Бокс ұйымы Сергей Деревянченкомен жекпе-жекті уақытында келісе алмағандықтан Альварестен IBF титулын тартып алған болатын.

"Қазақстан" телерадиокешені жекпе-жекті трансляциялау құқығын сатып алды. Уақыт белдеулеріндегі айырмашылықты ескергенде, жекпе-жектің тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 6 қазан күні сағат 05:00-де басталады. Кештің басты кейіпкерлері рингке елорда уақытымен таңғы 9-да шығады деген болжам бар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір