• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 22:16:32
Алматы
+35°

Биыл ШҚО Көкпекті ауданында жұмыссыздарды кәсіби оқыту мен қайта даярлауға 100 адам, қоғамдық жұмыс орындарына 162 адам тартылды, әлеуметтік жұмыс орындарына 26 адам, «Жастар іс тәжірибесіне» 16 адам жіберілді. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Асхат Смаилов мәлім етті.

Ағымдағы жылы Көкпекті ауданында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасымен 106 адам кәсіпкерлік негіздерін, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 113 адам оқытудан өткізілді.

Жаңа форматты атаулы әлеуметтік көмек 619 отбасына, соның ішінде 2913 алушыға 213,5 млн. теңге сомасында тағайындалды.

– Орташа айлық жалақы 114,0 мың теңге, өсу қарқыны 114,5 пайызды құрайды, – деді Асхат Смаилов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір