• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:59:16
Алматы
+35°

 Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық, ал батыс пен оңтүстіктің таулы аудандарында жауын-шашын болады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ауа-райының болжамына сәйкес, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында  және Жамбылда тұман болады. Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысының Алакөл көлдерінің аумағында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды, БҚО-да оған тұман түседі. Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Түркістанның көп бөлігінде, Қызылорда қаласының шығыс жартысында, Жамбылдың солтүстік-батысында, Қарағандыдың батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір