• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:54:49
Алматы
+35°

Өзбекстанның Наманған қаласында алимент төлемеу үшін әкесі өзінің бір жасар ұлын су ағатын арыққа лақтырып жіберген. Соның салдарынан сәби көз жұмды.Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Служба новостей Центральной Азии» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары сотқа сілтеме жасаған БАҚ мәліміне, Наманғанның қылмыстық істер бойынша облыстық соты 26 жастағы Расулбек Ташпулатов өз ұлын қасақана өлтірді деп таныған.

Сот материалдарына сәйкес, 2017 жылы шаңырақ көтерген Ташпулатов 2018 жылдың 4 шілдесінде әке атанып, ұлы өмірге келген. Алайда 2019 жылдың 24 сәуірінде ол әйелімен ажырасып кетеді. Оның себебі ұлы өзіне ұқсамайтынын айтып, күмән келтіруі болған.

Сот шешімі бойынша, Расулбек Ташпулатов ұлы 3 жасқа толғанша өз табысының 70 пайызын алимент ретінде төлеуге міндеттелген.

Алайда, алименттен шығудың бір ғана жолы деп өз ұлын ұрлап әкетіп, су ағатын арыққа лақтырып жіберген. Артынша 1 жасар ұлы суға батып кеткенше бақылап тұрыпты.

Болған оқиғадан кейін сот ер адамды 18 жылға бас бостандығынан айырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір