• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:35:41
Алматы
+35°

Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов атаулы әлеуметтік көмекке қатысты бірқатар жаңашылдықтарды таныстырды. Шаралар көмектің шынайы мұқтаж адамдарға ғана тағайындалуын, әлеуметтік жағдайын қасақана төмендету оқиғаларының жолын қиюды қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Министр, атаулы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған және одан өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана тағайындалуы тиістігін айтты. Осыған байланысты АӘК тоқсан сайын тағайындалмақ. Ал шартты және шартсыз көмек үш айға беріледі.

Барлық отбасы мүшелеріне АӘК орта табысы мен кедейшілік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленетін болады.

Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады.

Сонымен қатар бала күтімімен айналысатын анаға бала үш жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығын беру ұсынылады.

Сондай-ақ учаскелік комиссиялар жұмысы күшейтіледі.

"Өкінішке қарай, атаулы әлеуметтік көмек алушылар бірнеше қабатты жеке үйлерде тұрып жатқан, бірнеше автокөлігі болған, жер учаскелері мен қосалқы шаруашылықтарының үлкен көлемде болған мысалдар аз емес. Бұл жағдайлар учаскелік комиссияның жауапкершілігінде. Сондықтан заң жобасында учаскелік комиссиялар үшін атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын анықтау өлшем шарттарын бекіту үшін орталық атқарушы органның құзыретін қарау ұсынылады", – деді ол.

Осы орайда министр атаулы әлеуметтік көмекке үміткер отбасылардың санының артуы қоғамдық негізде жұмыс істейтін учаскелік комиссиялардың жұмысына әсер еткенін мойындады.

«Сондықтан біз заңда учаскелік комиссияларға отбасының материалдық жағдайына қорытынды жасау үшін мерзімді үш күннен жеті күнге дейін арттыруды ұсынамыз», - деді Б.Нұрымбетов.

Еске салайық, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бүгін Үкімет отырысында атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі. Басты бағыт – еңбекке ынталандыру, азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділеттікті қамтамасыз ету.


ҚазАқпарат

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір