• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:33:25
Алматы
+35°

"Хабар" телеарнасындағы "Большая неделя" бағдарламасында Ержан Тәтішевтің өлімінің себебі талқыланды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Арнайы хабарға банкирдің өліміне қатысты оқиғаның ақ-қарасын талқылауға қайтыс болған бұрынғы басшысы Ержан Тәтішов отбасының адвокаты Евгений Яворский, судья Азамат Тілепов, Бас прокуратурадан Ержан Ермұханбетұлы, блогер, қоғам қайраткері Денис Кривошеевтер қатысты. Сондай-ақ «Қазшынықұрылыс» мекемесінің бұрынғы басшысы Мұратхан Тоқмәди жазасын өтеу мекемесінен тікелей байланысқа шықты. Мұратхан Тоқмәди банктің бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті тапсырыспен өлтіру ісі бойынша оқиғаның қалай өрбігенін талдап, айтып береді. Сондай-ақ 2001-2006 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Нартай Дүтбаев, Ержан Тәтішевтің бұрынғы жеке күзетшісі Сергей Козликин банкирдің өлімінің қалай, қайда, қашан болғанын талдады.

Бағдарламада экс-банкирдің өліміне қатысты деректерді шетелдік сарапшылар «Мұхтар Әбілязовтың тапсырысымен Ержан Тәтішевті өлтірдім» деген Мұрат Тоқмәдидің уәжін жан-жақты талқылап шыққан. Бастапқыда «Ержан Тәтішевті байқамай атып алдым» деп ақталған Мұратхан Тоқмәди банкирді әдейі өлтіргенін мойындайды. Тапсырысты орындағаны үшін 4 миллион долларға келіскенін де айтып өтеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір