07 Қазан, 2019 Барлық аймақтар
2020 жылғы өтетін халық санағына 3 миллиард 20 миллион теңге бөлінді
Қазақстанда 2020 жылдың қазан айында ұлттық халық санағы өтеді. Ауқымды акция 1-30 қазан аралығына жоспарланған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz дерегіне сүйеніп.
Қазақстанда 2020 жылдың қазан айында ұлттық халық санағы өтеді. Ауқымды акция 1-30 қазан аралығына жоспарланған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz дерегіне сүйеніп.
2018 жылы ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті пилоттық халық санағын өткізуге 481,З миллион теңге бөлген еді. Биылғы жылдың тамызындағы жағдай бойынша халық санағына 3 миллиард 20 миллион теңге бөлінді.
Ұлттық экономика минстрлігігің статистика комитетінің мәліметінше 579 миллион теңге "е-Статистика" жүйесіне дамытуға, 1 миллиард 495 миллион теңге планшет пен компьютер сатып алуға, 475 миллион теңге көлік сатып алуға, 79 миллион теңге штаттан тыс қызметкерлердің жалақысын төлеуге, 392 миллион теңге шарф, портфель, кеңсе тауарларын алуға жұмсалады.
Халық санағын 30 мың адам жүргізеді. Оның ішінде нұсқаушы-бақылаушылар мен сұхбат алушылар бар. Бұл жұмысқа 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары тартылады. Оларға уақытша жұмысы үшін айына 75-тен 113 мың теңгеге дейін төленеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір