• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қазан, 10:12:45
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

28 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

«Жасыл экономика» – жанданса...

Алдағы жылдары бұл саланың Қазақстанда қарқын алатыны сөзсіз.

Әлем «жасыл экономика» саласын дамыту үшін көп нәрсе істеп жатыр. Түптің түбінде бұл саланың өзектілігі артады әрине. Өйткені қоршаған орта ластанып жатыр, бұл адамның денсаулығына әсер етуде. Бұдан құтылудың жолы қандай? Әрине, –жасыл экономика. Өйткені экологияның бұзылуынан құтқаратын осы сала. Қымбат жоба болатын шығар, бірақ өте тиімді екені сөзсіз. Ең алдымен адамдар  үшін. Өйткені барған сайын ғалам айналаға зиянын тигізбейтін, пайдасы зор болатын жобаларға ұмтылуда. Бұған әсіресе, алқалы жиындардың көмегі көп әсер етеді. Өйткені алдымен кеңес керек. Осындай «жасыл экономиканы» сөз өткен алқалы басқосу осыдан бірнеше күн бұрын елордамызда өтті. Оған әлемнің 20-дан астам мемлекетінен 300-дей сарапшылар қатысты.

Қазақстанның тұңғыш президенті , Елбасы қоры ұйымдастырған келелі басқосу ақиқаты керек, өзекті мәселелерді талқылады.  Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев өз сөзінде әлем елдері қазіргі уақытта жасыл экономиканы» жеткілікті мін беріп жатқанын айта келіп, Қазақстан да мұнан қалыс қалмайтынын мәлім етті. Бұл жолда біздің мемлекет үлкен жұмыстар істеп жатыр. Анығы керек, таяу болашақтағы 20-30 жылда  «жасыл экономика» ел экономикасының іргетасы болатынын айта кету керек. Сондықтан да Қазақстан осындай іргелі жиындарды өткізуге мүдделі Өйткені оның еш зияны жоқ. Қайта пайдасы көп.

Бір ғана мысал, баламалы қуат көздері немесе қазір жаңа атаумен айтылып жүргендей, жаңартылатын энергия көздерін өндіру әсіресе дамыған елдерде басты назарда. Мәселен, неміс елінде баламалы қуат көздері жалпы көлемнің 32 пайызын құрайды екен. Бұл әрине, өте жақсы нәтиже. Расы керек, қазіргі таңда бұл сала біздің елімізде енді қарқын ала бастады.

Сондықтан алдағы жылдары бұл саланың Қазақстанда қарқын алатыны сөзсіз.

Жалпы түсінікке қарасақ, қарапайым адам «жасыл экономиканы» әртүрлі түсінеді. Біреулер мұны күн энергиясы немесе жел энергиясынан алынатын қуат көздері деп түсінуі мүмкін. Рас қазіргі таңда елімізде шағын су электр стансаларынан алынатын қуат көздері көп. Олар өзен-көлдердің су тоспасынан қуат көздерін өндіреді. Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Өрентайұлы Исекешевтың айтуына қарағанда, қазіргі таңда елімізде 81 жаңартылатын қуат көздері жұмыс істеп тұр. Әсет Өрентайұлы алдағы уақытта мұның көбейетінін атап айтты.

Жалпы «жасыл экономика» Қазақстан экономикасына не береді?

Біріншіден, бәсекеге қабілетті өнім шығарылады.

Екіншіден, көмір, мұнай немесе басқа да қуат  көздеріне басқа баламалы жобалар пайда болады.

Үшіншіден, жаңадан жұмыс орындары ашылады.

Төртіншіден, «жасыл экономика» Қазақстанға қуатты тың серпін береді. Өйткені шағын өндіріс дамиды, Шамамен айтқанда 2050 жылға дейін 50 мың жұмыс орны ашылады.

Бесіншіден, «жасыл экономика» дамудың басқа салаларына тың серпін береді.

Айт берсек, бұл сарап пен болжамды одан ары жалғастыра беруге болады. Өйткені Қазақстан мемлекеті осыған қатысты нақты міндеттер қойып отыр. Өйткені «жасыл экономика» саласының жандануы 2021 жылға қарай 3 пайызға жетеді. Ал 2030 жылы бұл саланың жалпы көлемі 10 пайыздан асады деген болжам бар. Ал 2050 жылы жасыл экономика» жаңартылатын энергия көздерінің 50 пайызына ие болады деген болжам бар. Демек. басқа қуат көздері таусыла бастаған шақта олардың орнын осы жаңартылатын қуат көздері басады. Өйткені  Қазақстанда қазіргі уақытта үш кезеңді қамтитын «жасыл экономикаға» көшу туралы арнайы тұжырымдама бар.

Жалпы «жасыл экономика»  күн, жел энергиясынан алынатын қуат көздері ғана емес. Оның ұғымы өте кең. Бұл – жасыл  аймақ, қоршаған ортаны көгалдандыру,  кең түрде айтқанда адам игілігі мен оның денсаулығына зиянын тигізбейтін салалар. Бұл – тіпті өзіміз күнделікті тұтынатын энергия өнімдерін тиімді және үнемді пайдалану.

Сондықтан да «жасыл экономиканы» біз жан-жақты қарауымыз керек. Бұл пайда табы үшін жасалынып жатқан жекелеген ақшасы барлардың ісі емес. Мемлекеттік іс. Бір ғана мысал, 2023 жылға дейін Жамбыл облысында 25 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ал жақында Алматы облысында, яғни осындай күн батареяларын орнату  арқылы қуат көзін алу  жобасы іске қосылды. Жалпы бір атап өтер жайт, Қазақстан ішкі нарықты ғана қамтамасыз етуді көздеп  отырған жоқ. Алдағы жылдарда жел, күн, су арқылы өндірілетін энергия көздері сыртқы елдерге де экспортталады. Атап айтар болсақ, қазірдің өзінде оңтүстік кореялық компаниялар Қазақстанның энергиясын алуға мүдделілік танытып отыр. Қазақстан қуат көздері Оңтүстік Корея арқылы сол аймақтағы басқа да елдерге жеткізілуі мүмкін.

Нақтылай алғанда, «жасыл экономика» табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, қоғамның қолайлығын сақтауға арналған экономика, сондай-ақ тұтынудан кейінгі әртүрлі тақ және өндірістік қалдықтарды қайтадан кәдеге жарату. Үшінші ден, қазір негізінен тұтынып жатқан табиғат ресурстарын, яғни мұнай мен газ шикізатын ысырап етпей, тиімді пайдалану.

Ал жалпы «жасыл экономиканың астарында таза және «жасыл технологиялар жатыр. Сондықтан да мамандар жиі айтып жүргендей, «жасыл экономика» елімізді экологиялық дағдарыстан сақтайды. Бұл ғаламдық проблемаға айналып отырған өндірістік дамудан басқа тың бағытқа түсу. Ол – таза табиғи, экологиялық өнім шығару. Ол – әрине энергия көздерін өндіру. Ол алдымен жел мен күннен, судан және тағы басқа табиғаттың өзінен өндіріледі. «Жасыл экономика жанданса,  біз оның әлі-ақ игілігін көретін боламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 




 





 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір