• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:28:21
Алматы
+35°

Облыс орталығының полицейлері «Лексус RХ-300» автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінген 15 жасар қызды ұстады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі облыстық департаментінің баспасөз қызметінің дерегін негізге алып. Оның аймақтағы колледждердің бірінде оқитыны анықталды.

Оқиға 6 қазанда тіркелген. Талдықорған қаласы полициясының  «102» арнасына жергілікті сауналардың бірінің аумағынан джип ұрланғаны  туралы хабарлама келіп түсті. Көшелерде орналастырылған бейнебақылау камералары арқылы тәртіп сақшылары ұрланған көліктің бағытын анықтап, қаладан шығу жолдарына тосқауыл қойды.

 «Автокөлік облыс орталығынан Үштөбе қаласына қарай бет алған. Күдікті құрбысымен бірге көлікті тастап, такси ұстап із суытуға тырысты. Күдікке ілінген бойжеткен көлік иесінің танысы болып шықты. Күдікті қалалық полицияға жеткізілді және 15 жастағы бойжеткеннің Үштөбе колледжінің бірінде оқитыны анықталды. Ұрланған автокөлік бірден заңды иесіне қайтарылды.» - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Автокөлікті заңсыз иелену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Құқық бұзушылыққа қатысы бар жағдайлар тексеру барысында анықталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір