• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:58:20
Алматы
+35°

Жамбыл облысының полицейлері Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды аулаған браконьерлерді ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті басшысы Арман Оразалиев Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Биыл 6 қазанда түнгі уақытта Байзақ ауданының төрт тұрғыны "Нартай" құмды алқабында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар түрі - қарақұйрықтарды заңсыз атқан. Браконьерлердің "Тойота" маркалы автокөлігінен полиция қызметкерлері жануарлардың тушаларын тапты. Екі қарақұйрық - тіркелген қос ұңғылы аңшы мылтығынан өлтірілген, алайда аңшылардың аң аулауға рұқсат етілген құжаттары болмаған", - делінген хабарламада. 

Осы дерекке қатысты Байзақ аудандық полиция бөлімімен Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-бөлімі бойынша (жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолдана отырып заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. 

Күдіктілер ұсталып, аңшы мылтығы тәркіленді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір