• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:58:05
Алматы
+35°

Семейге гастрольдік іс-сапармен келген Мұхтар Әуезов атындағы  Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр ұжымы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті.

"Театр және кино"  тақырыбында өткен кездесудің мақсаты – өнер жолының қиындығы мен қызығын жастар бойына сіңіру.  Шара барысында жастар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өнермайталмандарынан тұшымды жауап ала алды. Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің тәрбиеленушілері өлеңдерін оқып, дүйім көпшілікті тәнтті етті.

–  Бүгінде театр және кино өнері дамып келеді. Алайда, екеуін бірге қарастыруға болмайды. Сахнаның киесі бар. Көптің алдында өнер көрсету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан да, бір рөлді сомдап, өзін жұлдыз санайтын жандар өнердің ауыр салмағын сезінбей, керісінше төмендетіп алып жатыр. Мен күні бүгінге  сахнада  бірде Қожанасыр, бірде бастық болып ойнаймын. Шынайы мамандыққа деген сүйіспеншілік пен табандылық қана өнер адамын шыңдайды, – деді танымал кино және театр актері Бекжан Тұрыс.

Айта кетейік,  өнер ұжымы 30 қыркүйек-3 қазан аралығында семейіктерге қойылымдарын қойып, қалың көпшіліктің қошеметіне бөленбек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір