• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:27:16
Алматы
+35°

Семейде автобус жүргізушілері жалақы төлеудің жаңа жүйесіне разы емес. Күн сайынғы табысқа үйренген оларға енді жалақы ай сайын банк картасына аударылатын болады. Жаңашылдыққа наразы 30-ға жуық жүргізуші жұмысқа шықпады. Олардың көпшілігі ресми түрде жұмыс істегісі келмейді. Өйткені олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен артып кетіп, алып отырған атаулы әлеуметтік көмектен қағылады екен.

Баспасөз конференциясында көлік бөлімінің өкілдері жүргізуші кадрларының жетіспеушілігі автопарктің басты проблемаларының бірі екенін мойындады.

– Бүгінгі күні бізде тұрақты жұмыс істеп жатқан 154 жүргізуші бар. Тағы 80 жүргізушіні алуды жоспарлап отырмыз.  Олар жалпы 340 болуы керек, – деп түсіндірді автопарк директоры Асқар Зияданов.

Кездесуде сондай-ақ, қазіргі таңда автобус паркінде жалақы толық көлемде және уақытында төленетіндігін хабарлады. Жүргізушілер мен кондукторларды жұмысқа орналастыру кезінде еңбекақы төлеу және жұмыс режимі нақты жазылған пункттерімен шарт жасалады. Жалақыны есептеу кезінде  барлық зейнетақы, табыс салығы және медициналық сақтандыру ескеріледі.

Дегенмен, қала тұрғындарын қызмет көрсету сапасы да толғандырады. Көптеген жолаушылар "таңнан кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейтін жүргізушілер шаршау салдарынан жолдағы жағдайды бақылай алмайды және сол арқылы жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді" деп қорқады. Сондықтан жүргізушілер ауысып, екі ауысымда жұмыс істей алуы үшін жаңа кестені жасау әлдеқайда тиімді және қауіпсіз болар еді.

– Жүргізушілер екі ауысымда жұмыс істеу үшін жүргізушілер штатын екі есеге арттыру керек. Адамдар бізге келетін болса, біз оған мүмкіндік бере аламыз. Жүргізуші күн сайын таңғы сағат 5-тен кешке дейін жұмыс істемейді. Бұрын аяқталатын графиктер бар. Диспетчерлер мұның бәрін реттейді. Қозғалыс кестесінде  екі түскі ас қарастырылған. Осы уақыт ішінде олар  тыныға алады, – деп сендірді конференцияда.

Сонымен қатар, желіге шығар алдында әрбір жүргізуші міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Егер денсаулығына байланысты қандай да бір ақаулар табылған жағдайда, жүргізуші жұмыстан босатылады және учаскелік дәрігерге жіберіледі.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір