• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:18:52
+35°
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен Өскемендегі Куленовка ықшам ауданында 140 түп ағаш көшеті отырғызылды. 
 
Оған қала тұрғындары белсене қатысты.
 
– Қаламызды абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табады. Біз келесі жылы осы ықшам ауданда үш мыңнан астам ағаш көшетін егеміз. Осылайша, бәріміз облыс орталығын абаттандыру жұмыстарына белсене атсалысатын боламыз, – деді Даниал Ахметов.
 
Бұдан соң аймақ басшысы Ана мен бала орталығына барып, дәрігерлермен бірге ағаш көшетін екті. Сенбіліктен соң Даниал Ахметов дәрігерлермен тілдесіп, олардың біліктілігін арттыру мақсатында барлық жағдай жасалатынын атап өтті.
 
Айта кетейік, бұл күні ана мен бала орталығының қызметкерлері 230 түп қарағай, қарағаш сынды ағаш көшеттерін отырғызды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір