• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:21:12
Алматы
+35°

Жыл сайын 6 қазанда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау халықаралық күні атап өтіледі. Қала мектептерінде экология және білім министрліетерінің ұйымдастыруымен "Эко-сағат" өтті. "Эко-сағатты  – қазір баста" бұл – ауқымды акцияның басты ұраны.

Акция өткізуге шешім қабылдаған мектептердің бірі №38 гимназия болды. "Эко-сағат" шеңберінде 1-11 сынып оқушылары үшін ұстаздар балаларға басты экологиялық проблемалардың бірі – Әлемдік мұхиттың ластануы туралы арнайы сабақтар өткізді. Ластанған аквариумның көмегімен мұғалімдер қазіргі уақытта әлемдік мұхит пен ғаламшар ауқымында не болып жатқанын көрсете алды.

– Біз өсіп келе жатқан ұрпақты мектеп кезінен тәрбиелеуге және балаларға экологияға қатысты белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға міндеттіміз, өйткені балалар – бұл біздің болашағымыз, – дейді мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Валерий Галушко.

Акцияға қала әкімі Ермак Сәлімов қатысты. Қала басшысы мектепке барып, ашық сабақтың қонағы болды.

–  Өмірде бір рет болсын баланың көшеде кәмпитті ашып,  қоқысты жерге тастағанын көрген шығармыз.Міне,осы көріністі көрген әр бала осы жаман әдетке дағдыланып,  артынан біреу жинайды деп ойлайды. Жоқ, әр тазалықты адам өзінен бастау керек, – деді әкім өз сөзінде.

Қала басшысы келесі жылы қала басшылығы қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлумен айналысатынын атап өтті.

– Келесі жылы қоқысты бөлу үшін ҚТҚ жинаумен айналысамыз. Бүгінгі күні бұл заттарды нақты  заң бар. Қоқыстарды бөлетін орындар болуы керек; оны тасымалдауға болатын көлік болуы керек; соңында қоқысты қайта өңдеу керек, – деді Ермак Сәлімов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір