• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:11:48
+35°

ШҚО Күршім ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға арналған бағдарламасы аясында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов мәлім етті.

– Аталған бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 60 адам қысқа мерзімді курстарда білім алды. Оның ішінде 59-ы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді, – деді Дулат Қажанов.

Күршім ауданында «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 35 адамға 245,7 млн теңге несие берілді. Осы орайда биыл аудандағы көп балалы отбасыларға да мемлекет тарапынан кәсіп ашуға қолдау көрсетіліп, несие берілгенін атап өткен орынды.

– Бүгінгі күнге 17-сі көпбалалы отбасыға, 28 жасқа, 2 мүгедек адамға гранттық қаржы тағайындалды. Сондай-ақ 14 адамға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант берілді, – деді Дулат Қажанов.

Биыл Күршім ауданында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 26 маманға жолдама берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір