• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:15:23
Алматы
+35°

08 Қазан, 2019 Саясат

Тоқаев: Трагедияға айналдырудың қажеті жоқ

Микро және шағын бизнесті салықтан босатқаннан кейін елорда бюджеті шамамен 40-50 миллиард теңгеден қағылу қаупі бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда бюджетінің неге қысқаратынын түсіндіріп, үкіметке оны толық түсіндіруді кеңес берді.

"Тағы бір маңызды мәселе – шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын 2020 жылдан бастап жергілікті бюджетке беру. Микро және шағын бизнес субъектілерін салықтан босатқаннан кейін қала бюджеті 40-50 миллиард теңгеге қысқарады. Негізінде, бұл күтілетін нәтиже, мәжбүрлі шара, бизнеске көбірек адам тарту үшін жасалып отыр. Үкіметтен мұны трагедияға айналдырмауды өтінемін. Одан да бақылау жасап, әрекет етіңдер. Сіздер жоспарланған шығынның орнын толтыруға қажетті 230 миллиард теңгені оңай табасыздар деп санаймын", –  деді Тоқаев Нұр-Сұлтанды одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі жиында.

Президент үкіметпен бюджетке түсетін кірістер жайлы 15 қазанда өтетін жиналыста тағы сөйлесетінін атап өтті.

"Есесіне біз халықты бизнеспен айналысуға ынталандырамыз. Әйтпесе, тығырықтан шыға алмаймыз", –  деді ол.

Сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен жолдауларының бірінде үкіметке микро және шағын бизнесті үш жылға табыс салығынан босату туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырған болатын.

 

.

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір