• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қазан, 09:39:45
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

08 Қазан, 2019 Саясат

Тоқаев Қытай компаниясының технологиясын қолдануды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қазанда Нұр-Сұлтанда өзінің басқаруымен өткен елорданы одан әрі дамыту жөніндегі жинында Қазақстан цифрлы технологияларды дамытуда Қытайдың тәжірибесін қолдануы керегін айтты. 

Тоқаевтың айтуынша, "Қытайдың цифрландыру технологиялары кез келген адамның жеке бас деректері туралы ақпарат береді".

– Hikvision компаниясы (ред. Қытайдың)… Олардың техникасы жақсы дамыған. Негізгі қалаларын цифрландырды. Өте жақсы цифрландырды.  Экранды бассаң, адам жайлы барлық ақпарат шыға келеді. Қай жылы институт тәмамдады, бос уақытында қайда барады, қандай кредиті бар бәрі шығады, – деді Қазақстан президенті. 

Сонымен қатар Тоқаев "Біз осы жолмен жүруіміз керек. Бұл – әлемдік тенденция. Астана басшылығына, үкіметке және тиісті министрлікке осыны тапсырамын" деген сөздер де айтқан. 

Бұдан бөлек, Тоқаев осы жиныда өткен жылдан бері Қазақстанның бірнеше қаласында қолданылып келе жатқан "Сергек" бейнекамераларының қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін емес, көлік жүргізушілерден айыппұл өндіріп алу үшін ғана қолданылып отырғанын сынаған.

Азаттық Радиосының жазуынша, Тоқаев айтқан Hikvision компаниясына АҚШ-тың сауда министрлігі санкция салған. АҚШ Hikvision бастаған Қытайдың 28 компаниясын "Шыңжаңдағы аз ұлттарға қысым жасауға атсалысты" деп санайды. Тоқаев қыркүйекте Қытайға барған сапарында Hikvision компаниясының штаб-пәтерін аралаған.

Қазақстанда 2017 жылдан бері Қытайдаға этникалық қазақтардың мәселесі көтеріліп жүр. Қытайдан Қазақстанға оралып ел азаматтығын алған көптеген этникалық қазақтар соңғы жылдары Қытайдағы туған-туыстарының Шыңжаңдағы "саяси тәрбие лагерьлерінде" қысым көріп отырғанын айтып, Қазақстан билігі мен халықаралық ұйымдардан көмек сұрап келеді. Биылғы жылдың қыркүйек айында Қазақстанның бірнеше қалаларында "Қытай экспансиясына қарсы" наразылық акциялары өтіп, оған қатысқан ондаған адам әкімшілік жауапқа тартылып, кейбірі қамалып, кейбіріне айыппұл салынды. Ел халқының қарсылығына қарамастан Қазақстан президенті 21-25 қыркүйек күндері Қытайға іс-сапармен барып, артынша Қытай парламентінің жетекшісі Ли Чжаньшу Қазақстанға келді.



 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір