• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:21:50
Алматы
+35°

08 Қазан, 2019 Саясат

Назарбаева: Басшылық лауазымға әйелдерді алу керек

Назарбаеваның пікірінше, Қазақстан халқының 50 пайызынан астамы әйелдер екеніне қарамастан, олар басшылық қызметтерде аз.

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында мәслихат депутаттарымен, мәслихат жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен және Кәсіпкер әйелдер ассоциациясының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Мәслихат депутаттары аймақтың дамуына қатысты Жайық өзеніндегі экологиялық жағдай, кәсіпкерлікті дамыту, агроөнеркәсіп кешенін қолдау туралы ең маңызды мәселелерді ортаға салды.

– Мүмкін, біз әр облысқа арналған парламенттік тыңдаулар жоспарлауымыз керек шығар. Сонда біз жергілікті жерлердегі адамдарды не толғандыратынын, шешілмей жатқан қандай жүйелі проблемалар барын бірден білетін боламыз. Бұл жерде реттеудің жоқтығынан немесе оның жеткіліксіздігінен, болмаса заңнамалық базаның әлсіздігінен шешілмейтін мәселелер туралы сөз болып отыр, – деді Д.Назарбаева мәслихат депутаттарымен кездесуде.

Д.Назарбаева мәслихат жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде қазіргі кезде елімізде 4 мыңға тарта адам жұмыс істейтін 200-ден астам кеңес құрылғанын еске салды. Сенат басшысының айтуынша, қоғамдық кеңестердің міндеті – қабылданатын шешімдерге тұрақты сараптама жасаудың есебінен атқарушы және заң шығарушы биліктің өңірлік органдары жұмысының сапасын арттыру, мемлекеттік билік органдарының алдына аймақ халқын барынша алаңдататын өзекті мәселелерді қоя білу. 

 

Кәсіпкер әйелдер ассоциациясының өкілдерімен жүздескен Дариға Назарбаева Қазақстанда басшылық лауазымға әйелдерді көбірек алу қажеттігін атап өтіп, мемлекеттік басқару мен еліміздің саяси өміріне әйелдердің қатысуын кеңейтуге назар аударды.

Оның пікірінше, Қазақстан халқының 50 пайызынан астамын әйелдер екеніне қарамастан, олар мемлекеттік құрылымдарда аз.

– Мемлекеттік органдар немесе компаниялардың басшыларымен қоса, көптеген жұмыс беруші басшылық лауазымға әйелдерге қарағанда ер адамды көбірек алатыны құпия емес. Бұл жағдайды республикалық та, аймақтық деңгейде де өзгерту керек, – деді Назарбаева.

Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенатының Баспасөз қызметі

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір