• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:01:18
Алматы
+35°

8 қазанда Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуан Пекинде брифинг өткізіп, АҚШ-тың Қытайдың 28 компаниясына салған санкциясын "басқа елдің ішкі ісіне араласу" деп айыптаған. Бұл туралы Reuters агенттігінің дерегін негізге алып Азаттық Радиосы хабарлады.

Азаттық Радиосының жазуынша, Гэн Шуан "Қытай өз мүддесі мен дербестігін, қауіпсіздігі мен дамуын қорғау үшін нақты әрекеттер жасап, шешімдер қабылдайтынын" айтқан. 

– АҚШ-тан жедел түрде өз қатесін түзеп, шығарған шешімдерін қайта өзгертуді сұраймыз. АҚШ Қытайдың ішкі ісіне араласуды тоқтатуы керек. Қытай өз мүддесі мен дербестігін, қауіпсіздігі мен дамуын қорғау үшін нақты әрекеттер жасап, шешімдер қабылдайды,  –  деді Шуан.

Азаттық Радиосының жазуынша, бұған дейін, 7 қазанда АҚШ "Шыңжаңдағы ұйғырлар, қазақтар және басқа да мұсылмандарға қысым жасауға атсалысқан" Қытайдың 28 компаниясына санкция салған. Қара тізімге енген компаниялар арасында Қытайдың 20 қоғамдық қауіпсіздік бюросы, видео бақылау жүргізетін Hikvision фирмасы, адам жүзін анықтау құрылғыларын дайындайтын Sense Time және Megvii Technology компаниялары бар. АҚШ санкция салған Қытай компаниялары енді Америкадан Вашингтонның рұқсатынсыз тауар сатып ала алмайды.

8 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында жиын өткізген  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Hikvision компаниясының технологияларын мақтап, шенеуніктерге цифрлы технологияларды дамытуда Қытайдың тәжірибесін қолдануды тапсырған.


 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір