• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:08:05
Алматы
+35°

Білім саласының дамуы – бүгінде өркениеттің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші. Адами капитал, ең алдымен, білім беру саласы арқылы қалыптасады. Оны қалыптастырудағы білім саласының үлесі кез келген басқа саладан әлдеқайда жоғары. Сондықтан да Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында білім саласының дамуына айрықша назар аударды.

Еліміздің қазіргі кездегі білім беру саясаты ең алдымен мектепке дейінгі білім беру жүйесіне бала қабілетін ашатын алғашқы саты ретінде жоғары талаптар қояды және балалардың ерте дамуы мен оқу дағдысын дамытатын бағдарламаларды енгізуді көздейді. Бұдан еліміздің зияткерлік әлеуетінің болашағы балаларға мектепке дейінгі сатыда сапалы білім беру мен ерте жастағы балалардың қабілеттерін дамытудың қоғамдағы алар орны маңызды.

Сарысу ауданында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылған 25 мекеме бар. Онда 11 балабақша мен 14 шағын орталықта 2385 бала тәрбиеленуде.

Жалпы санындағы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың үлесі 7,9%. Аудан бойынша 2018 жылы 3-6 жастағы балалардың тәрбиемен және оқумен қамту көрсеткішін 99%- ға жеткізу мақсатында 130 орын ашылып, көрсеткіш орындалды. 2019 жылы мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесін 100%-ға жеткізу жоспарлануда. Бұл меже де орындалатын болады. Жалпы орта білім беретін мектептердің барлығы бүгінгі күннің сұранысына толық жауап беру мақсатында қызмет атқарады. Білім беру жүйесінің өркениет үрдісіне сай болуы-Мемлекет басшысының алдымызға қойып отырған басты талабы. Бұл ретте Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев: «Бізге ұлттық интеллектінің діңін құру қажет, бізге халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар керек»,- деп атап көрсеткен болатын. Осыдан-ақ болашақтағы бәсекелестік кілті – білімде жатқаны айқын аңғарылады.

– Біздің жұмысымыздың басты бағдары –талап биігінен көріну.Бүгінгі таңда ауданда 27 мектеп жұмыс жасайды Оның ішінде 1 бастауыш мектеп, 4 негізгі мектеп, 21 жалпы орта мектеп, 1 тірек мектебі, 1 мектеп-лицей, 2 мектеп-гимназия бар. Аталған мектептер соңғы үш жылда 699 білім алушыларға көбейіп, 2018-2019 оқу жылын 8665 баламен аяқтадық. Мектептердің жыл бойы атқарған жұмысының нәтижесі – білім сапасы десек, осы білім сапасы бойынша ауданымыз жақсы нәтиже көрсетіп келеді (70,5%). Білім сапасының артуына өзіндік үлесін қосып жүрген мектептерде 1233 мұғалім жұмыс жасайды, – дейді Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Ілияс Баймағанбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір