09 Қазан, 2019 NEWS
Алматыда жер асты дүмпулері сезілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы ТЖД-ға сілтеме жасап.
Жер сілкінісін жергілікті уақыт бойынша 03.49-да "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі тіркеген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 140 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14,0. Магнитудасы - MPV 5,5. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Саты кенті - 3 балл, Алматы - 2 балл", - делінген хабарламада.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, прокуратураға, Қазселденқорғау және басқа да ұйымдарға хабарландыру жасаған. "ПД ЖБО-ның деректері бойынша зақымдану мен қирау деректері анықталған жоқ.
"Қазселденқорғау" мәліметінше, гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қаупі бар және сел қаупі бар учаскелерде деформация, шөгу және жарықтың пайда болуы анықталған жоқ", - деп хабарлады ведомстводан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір