• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:49:26
Алматы
+12°

Масааки Имаи (жапон тілінде 今井 正明 имаи масааки, 1930 жылы Токиода дүниеге келген) — «lean-гуру», үздіксіз жетілдіру (кайдзен) концепциясының негізін қалаушы (ағылш. Continuous Improvement).

1955 жылы Токио жоғары оқу орнында бакалавр дәрежесін алғаннан кейін, халықаралық қатынастар саласында қызметін жалғастыру үшін сонда қалады. 

1962 жылы Масааки Имаи Cambridge Corporation — консалтингтік компания негізін қалайды. Ол басқарушылық кеңес беруге маман дайындайтын және жоғары санатты менеджерлер таңдауға үйрететін компания. Рекрутинг, қызметкерлерді басқару, ұйымдық зерттеу саласындағы кеңесші ретінде Имаи мырза Жапониядағы  200-ден астам шетелдік және біріккен кәсіпорындарға көп көмегін тигізген.  1976-ыншы жылдан бастап, 1986-ыншы жылға дейін Масааки Жапонияның рекрутинг және кадрлық агенттік федерациясының президенті болған.

Масааки Имаи «Кайдзен: жапон компанияларын жетістікке жеткізген кілт»(1986), «Гэмба Кайдзэн: шығынды азайтып, сапаны арттыратудың жолы» (1997) кітаптарының авторы. Еңбектері француз, голланд, португал, неміс, испан, индонезия, қытай, орыс және өзге де тілдерге аударылған.

1985 жылы компанияларға кайдзеннің концепциясын, жүйесін, керек әдістерін енгізу үшін Масааки Имаи KAIZEN Institute Consulting Group компаниясын ашты. Ол — әлем бойында отыз шақты елде кеңсесі бар консалтингтік компания. Соңғы отыз жылдан астам уақыт ішінде Масааки Имаи әріптесі провел Дайсукэ Наротанмен бірге кайдзен, үнемді өндіріс және басқару ісі  туралы көптеген дәріс оқыған. Сонымен қатар, әртүрлі ұйымдарға кәсіп жүйесін  дамыту жөнінде кеңес берген.

Оқырмандар назарына Масааки Имаидің еңбегінен цитаталар ұсынамыз. 

***

1. Сапаны жақсартыңдар. 2. Өнімділікті жақсартыңдар. 3. Қорды азайтыңдар. 4. Өндірістік желіні қысқартыңдар. 5. Құрылғының қолдану уақытын азайтыңдар. 6. Өндірістік алаңдарды кішірейтіңдер. 7. Цикл уақытын азайтыңдар.

***

Өндірістік желідегі қызметкерлерді қысқартыңдар: адам қаншалықты аз болса, соншалықты жақсы. Ол шығынды ғана емес, сонымен қатар, сапа тұрғысынан кездесетін қиындықты да азайтады. Себебі, қаншалықты қол аз болса, қателік жіберу мүмкіндігі соншалықты аз болады.

***

Кайдзен әдісінде ең бірінші керегі – «жоспарла-жаса-тексер-іске асыр» (PDCA) циклі.

***

Шіріген жұмыртқадан жақсы құймақ шықпайды.

***

Басшылықтың міндеті – стандарт орнату. Сосын сол стандарттың сақталуын қадағалайтын тәртіпті бақылау. Тек осы ереже орындалғанда ғана стандартты көтеру үшін кайдзен әдісін қолдануға болады.

***

Адамға өзін табуға көмектесу үшін оған жұмыс барысында қарым-қатынас жасайтындардың бәрінің пікірін, олардың оны қалай қабылдайтынын жеткізіп, айтып тұру керек.

***

Кайдзен — бұл тұтынушыға бағытталған жетілудің стратегиясы. Оның айтпағы: яғни, кез келген компания түбінде тұтынушыны қанағаттандыру жолында жұмыс істеуі керек.

***

Егер жұмысыңды жарты жыл бойы бірқалыпта істей беретін болсаң, жетістікке жетпейсің.

 

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір