• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:06:43
Алматы
+35°

2019 жылдың қазанның 1-7-сі аралығында Испанияның Малага  қаласында «TU ONDA» атты жас әншілердің халықаралық ән байқауы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Байқауда Алматы қаласынан «Бозторғай» қоғамдық қорының жетекшісі Қарлығаш Әбдікәрімованың, «Сенім» вокалды ансамблінің жетекшісі Тұрсын Кудеринаның қолдауларымен қатысқан жас әншілер жүлделі орындарға ие болды.

Байқау

Атап айтсақ, бұл байқауда бірінші орын Ұласбек Амиркановқа (Алматы қаласы №24 лицейден) тиеслі болды. Осы уақытқа дейін Ұласбек АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен «PEARL OF NEW YORK 2017» халықаралық байқауда 1-ші орынды иеленіп, қазақ елінің беделі мен көк байрағын асқақтатқан болатын. 2018 жылы жазда Италияда өткен «CREATIUITA senza FRONTIERE 2018» халықаралық фестивальда І-орын лауреат атанса.

Байқау

2018 жылы Астана қаласында өткен «Шаттық» жас дарындар халықаралық фестивалінде Ұласбекке өнердегі табысы үшін қазылар алқасының төрағасы ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова өз қолымен лауреат атағы дипломын табыстаған болатын.

Ал бүгін Ұласбек Испанияның Малага қаласында өткен «TU ONDA» атты жас әншілердің халықаралық ән байқауында бірінші орын дипломмен марапатқа ие болып қайтты. Болашақта Ұласбектен үлкен үміт күтетініміз анық.

Байқау

Ал екінші орынды «Сенім» вокалды ансамблінің жас әншісі Айгерім Арғынбек (Мағжан Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектептен) иеленді.

Испанияның Малага қаласында өткен халықаралық байқауда 1-ші және 2-ші орынды иеленген жас таланттардың қуаныштарында шек жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір