• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:01:28
Алматы
+35°

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүру, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деп атап көрсетілді. Бұл міндеттер әрбір қазақстандыққа, оның ішінде ұстаз қауымына да тікелей қатысты екені сөзсіз.

Жыл өткен сайын отандық білім беру саласы көптеген жаңашылдықпен ерекшеленуде. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның тәжірбиесін оқу үдерісіне енгізуге және педагогикалық іс-тәжірбиесін насихаттау мақсатында 2018-2019 оқу жылының қыркүйек айында Жамбыл облысының Сарысу ауданында 3 жетекші мектеп (Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп –гимназия, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп) бекітіліп, іс-шара жоспары жасалынып, жұмыстар жүйелі жүргізілді. Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетуде, тәжірибе бөлісуде, ақпараттар алмасуда, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруда ауданда 7 «Әдістемелік тренинг», 2 «Ашық есік» күні, 19 семинар, 7 мастер класс, 47 ашық сабақ өткізілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бастауымен 2019 жылдың мамыр айынан бастап тағы 3 мектеп қосылып, жалпы 6 жетекші мектеп бекітілді. Оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру, ақпарат алмасу мақсатында облыс орталығындағы ЖОО-лар мен НЗМ тәжірибесін тарататын 6 жетекші мектептің арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалынып, атқарылатын іс-шара жоспары құрылды. Қазіргі таңда осы 6 жетекші мектепке 21 серіктес мектеп бекітілді.

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында облыстық оқу әдістемелік кабинетінің және аудандық білім бөлімі тарапынан биылғы оқу жылында 16 десант өткізілді. Әдістемелік десантта мұғалімдер коучинг (14), ашық сабақ (41), шеберлік сынып (32), дөңгелек үстелдер (11) арқылы өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Бұндай іс-шаралардың түрлері аудандық әдістемелік кабинетінің іс-шара жоспарына сәйкес көптеп өткізілуде.

Расында да дана халқымыз «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп тектен тек айтпаған. Бүгінгідей бой емес, ой жарыстыратын кезеңде өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудің маңызы зор. Бұл тұрғыда сарысулық ұстаздар мол тәжірибелерін тиімді пайдаланып, аянбай еңбек етуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір