• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:31:24
Алматы
+35°

Адами капиталды дамыту-мемлекет алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында білім беру саласындағы бағыттарды бағдарлап, Ұлт Көшбасшысының сара жолын лайықты жалғастыратындығын айтты. Осы орайда өскелең ұрпақты тәрбиелеп отырған ұлағатты ұстаздарға жүктелер жауапкершілік жоғары.

Қазіргі білім беру жүйесінде оқу бағдарламасын, әдістемелік құралдарды, әдіс-тәсілдерді, оқытудың технологиясы мен формасын таңдау – педагогтың өзін-өзі шыңдауына, шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашса, екінші жағынан, педагог жұмысының жоғарғы деңгейде, нәтижелі болуын талап етеді. Бұл тұрғыда 2018 – 2019 оқу жылында Сарысу ауданының педагогтары 165 жетістікке қол жеткізгенін айта кету керек.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға Сарысу ауданынан барлығы 34 оқушы 13 пәннен қатысып, оның біреуі екінші, жетеуі үшінші орындарды иеленді (23,5%). Терең білімін көрсеткені үшін 12 оқушы грамотамен марапатталды.

Мектептегі білім алушылардың танымдық қабілетін арттыру мақсатында 2018-2019 оқу жылында 5 мектепте түрлі бағыттағы жобалар енгізілген. Жалпы 5-11 сыныптардан 570 оқушы қамтылған.

2019-2020 оқу жылында Ақтоғай, Әйтеке би, Абылай хан, Б.Адамбаев, Түгіскен орта мектептерінде математика-жаратылыстану, қолөнер, тәрбие, спорт экология бағыттарын енгізу жоспарланып отыр. Жалпы 5-11 сыныптардан 420 оқушы қамтылады.

Жалпы, ауданда балалардың білімін шыңдаумен қатар олардың ой-өрісін дамытуға, демалыс кезінде сауықтырылуына лайықты жағдай жасалып келеді. Мысалы, 2018-2019 оқу жылында жазғы каникул кезінде аудандағы барлық мектепте мектеп жанындағы лагерлер жұмыс жүргізді.

Жазғы сауықтырумен 2018-2019 оқу жылында 1-10 сыныптардан 8365 оқушының 7779 оқушысы қамтылды, яғни 93,0- ды құрайды.

24 мектепте тамақпен ұйымдастырылатын лагерде 1053 оқушы (12,8%) сауықтырылды.

Қала сыртындағы демалыс орындарында жазғы сауықтыруға 706 оқушы қамтылды. Сонымен қатар, 24 мектепте ата-аналар есебінен 450 бала, оның ішінде «Казфосфат» ЖШС, «Қаратау» тау-кен өндеу кешеніне қарасты «Жұлдыз» сауықтыру лагерінде (3 маусым) әр маусымға 150 баладан демалды.

Жоғарыда аталған өндіріс ошағының демеушілігімен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп жасындағы қамқоршылық пен қорғаншылықтағы 15 жетім балаға тегін жолдама бөлінді.

2019 жылдың жазғы демалысы кезіндегі лагерлердегі үйірмелерге (мектеп, тектептен тыс, аула клубтары) 4266 оқушы қамтылса, мектеп жанындағы еңбек жасақтарына 700 бала, туристік саяхаттар мен экскурсияларға 1472 бала қамтылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір