• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:19:34
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облысында жемісті жұмыстар атқарылуда. Мысалы, 2018-2019 оқу жылында Сарысу ауданындағы білім беру мекемелерінде 121 іс-шара өткізілген. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 32 экскурсия ұйымдастырылып, аудан мектептерінен 1980 оқушы қамтылды.

Аудандағы 5 мектептен виртуальді мұражай ашылды. Атап айтқанда: Жаңатас қаласындағы М.Әуезов мектеп-гимназиясы, Тоғызкент ауылындағы Түгіскен орта мектебі, Жайылма ауылындағы Әйтеке би атындағы орта мектебі, Ә.Бүркітбаев ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебі, Игілік ауылындағы Шоқай датқа атындағы орта мектеп. Сондай-ақ, Шоқай датқа атындағы орта мектепте, Түгіскен орта мектебінде мектеп ішінен «Рухани жаңғыру» аясында арнайы мұражай ашылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылатын жоспарға сәйкес тәрбие сағаттары, семинарлар, кездесулер, байқаулар ұйымдастырылып, бөлімге қарасты мектептерден 1-11 сыныптан 8665 оқушы (100%) қамтылды.

Ауданда балалардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында 10 қосымша білім беру мекемелері жұмыс жасайды Онда 3657 бала қамтылған немесе 42,3%-ды құрайды. Басқа да мектептегі және спорт мектептеріндегі үйірмелерге –1101 оқушы (12,7%) қатысады.

Білім басқармасы басшысы мен аудан әкімі арасындағы 2019 жылғы индикаторлық көрсеткіш бойынша қосымша біліммен қамтылған оқушылардың үлесі 58% жету жоспарлануда.

Заманауи оқыту мен тәрбие үрдісінің негізгі идеясы оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету, білімді өз бетінше алып, күнделікті өмірде қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу. Бұл оңай іс емес, себебі, жас жеткіншектің бойындағы ерекше қабілеттін, дарындылығын тани білу, оны одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру үлкен шеберлікті талап етеді. Бүгінгі таңда, қосымша білім беру мекемелеріндегі оқушылардың, ұстаздардың жетістіктерін атап өтуге болады. Соның бірі, Жаңатас қаласындағы балалар өнер мектебінің оқушылары оркестрден Алматы қаласында өткен ІІІ халықаралық «Жеті өнер» байқауында Бас жүлдені иеленді.

«Бұлақ көрсең көзін аш» дейді дана халқымыз. Шынында да жас шыбықтай желкілдеп өсіп келе жатқан жеткіншектерге дұрыс тәрбие берілсе, олардың болашақта орнықты тұлға болып қалыптасатындығы даусыз. Бұл тұрғыда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мазмұнды мақаласының берері мол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір