• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:39:13
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы мәдениет саласының қызметкерлеріне де серпіліс сыйлады. Өйткені, жылдың басты құжатында аталмыш саланың өкілдерін қолдауға қатысты нақты тапсырмалар берілді.

Мемлекет басшысы: «Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз.

Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе.

Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ.

Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды.

Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде.

Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс» дей келе бұл бағыттағы бірқатар міндеттерді айқындап берді.

Расында да рухани жаңғыруға бет бұрған кезеңде мәдениет саласының қызметкерлеріне артылар жауапкершілік те жоғары. Өз кезегінде сала мамандары өз жұмыстарын жүйелі жалғастыруда.

Бүгінде Тараз қаласында еңбек ететін мәдениет қызметкерлері өз жұмыстарын жандандыра түсуде. Мысалы, 2019 жылдың 8 айында 206 мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, оларға 133 мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар, орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі бойынша 1061 мәдени іс-шара өткізілді, қатысқан оқырмандар саны 62 644 адамға жетті.

Қазіргі таңда қалалық мәдениет үйінде 25 үйірме жұмыс істейді. Оның ішінде 19 ұжымның «Халықтық», «Үлгілі» атақтары бар. Қатысушылар саны 823 адамды құрайды. Олардың қатарында «Жас дәурен» үлгілі би ансамблі, «Красная гвоздика» халықтық ардагерлер хор ұжымы, «Қарахан» ұлт-аспаптап ансамблі, «Бозторғай» ән-би ансамблі, «Жібек жолы» халықтық эстрадалық оркестрі, «Өрлеу» қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, «Ривер-данс» балдық би ансамблі, «Дулати» халықтық жастар театры сынды ұжымдардың жетістіктері жетерлік. Сонымен қатар «Асыл-Аналар» халықтық әжелер ансамблі, «Камертон» вокалды тобы, «Мерей» халықтық вокалды тобы, «Вояж» балеті, «Планета» халықтық театры, «Маричка» халықтық украин вокалды тобы, «Жансарай» халықтық театры да талайды тәнті етіп жүр. «Шаттық» үлгілі хор ұжымы, «Нұршашу» үлгілі камералық оркестрі, «Жас толқын» үлгілі синтизатор ансамблі, «Аллегро» үлгілі скрипкашылар ансамблдері де талай додаларда дарынымен даралануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір