• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:40:49
Алматы
+35°

09 Қазан, 2019 NEWS

Алматы облысының полицейлері парамен ұсталды

Полицейлер адамдарды алдап, қылмыстық істі жеңіл санатқа ауыстырамыз, болмаса жазаны жеңілдетеміз деп пара алған.

Алматы облысында бірнеше полиция қызметкері жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, – деп,  Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Полиция майоры, Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы және аға лейтенант, Түрксіб аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторына қатысты азаматты алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы күдіктінің ісін неғұрлым жеңіл санатқа қайта саралау желеуімен 1 250 000 теңге ақшасын иемденгені үшін Алматы қаласында сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп  хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Одан өзге Қарасай ауданы полиция басқармасы тергеушісінің қылмысы әшкереленді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір