• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:43:49
Алматы
+35°

Елбасы ұсынған «Цифрлы Қазақстан-2020» бағдарламасы білім беру саласында да өз нәтижесін беруде. Оның жарқын жемісін Жамбыл өңірінен де айқын аңғаруға болады. Мысалы, шалғайдағы Сарысу ауданында мектептер үшін цифрлық білім беру ресурстарының қолжетімділігі артып, оқытудың сапасын жетілдіруге оң септігін тигізуде.

Қазіргі таңда аудандағы барлық 27 мектеп ішкі сымсыз «Wі-Fі»-мен жарақтандырылып, кең жолақты Интернет желісіне қосылған және «Күнделік.kz» жүйесіне енгізілген. Жалпы белсенділік 100 пайызды көрсетіп отыр.

-«Bilim Land» білім беру платформасына барлық мектеп онлайн және офлайн режимінде жұмыс жасайды. Жалпы 1192 аккаунт беріліп, аккаунттарының белсенділігі 100 құрауда.

Оқу жылының басынан интерактивті сабақтар бойынша -21819 рет, Twig сабақтары бойынша- 1147 рет, iTest бойынша- 7341 рет, iMektep бойынша – 3750 рет жұмыс жасаған. Қазіргі таңда облыс бойынша 3 орында тұрмыз.

Мектептерде қазіргі таңда барлығы 999 компьютер бар. 2019 жылы 274 дана компьютер алуға 34 миллион 252 мың теңге қаралып, барлығы 863 дана компьютер болып жоспарлы 10 оқушыға 1 компьютерден жетеміз, дейдң Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы І.Баймағанбетов.

Айта кету керек, 2018 жылы 13 миллион 674 мың 800 теңгеге электрондық оқытуды енгізуге арналған 40 дана интерактивті құрылғы алыныпты. Қазіргі таңда барлығы 121 интерактивті құрылғы бар.

Сонымен қатар 57 модификациялық кабинет іске қосылған. 15 химия, 12 ЛМК, 15 биология, 15 физика кабинеттері қарастырылған. 2019 жылы химия, физика, билогия пәндерінің кабинеттерін жабдықтауға 68 миллион 150 мың теңге қаралып отыр. Сондай-ақ ауданда 8 мектеп робототехника кабинетімен жабдықталыпты.

Жалпы 2018-2019 оқу жылынан бастап мектептерде (5-8 сыныптар аралығында) робототехника үйірмелеріне 1667 оқушы қамтылған. Былтыр

бұдан бөлек Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясынан ІТ - сыныбы ашылып, «Stem» лабораториялық кабинеті программасымен жабдықталды.

Қазіргі таңда 2 мұғалім 5 топтан тұратын әр топта 12 оқушыдан 60 оқушыға дәріс беруде. Олардың айлық жалақысына 20 пайыз көлемінде қосымша үстемақы төленеді.

2019 жылы индикаторлық көрсеткіш бойынша 3 бірлік ІТ-сынып ашу жоспарланып отыр. Балабақшаға балаларды кезекке қою және жолдама алу ақпараттық жүйесі 25 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына енгізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір