• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:38:34
Алматы
+35°

Президент Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымды дамыту жайына да айрықша назар аударды. Осы орайда Мемлекет басшысы «Алдағы үш жыл ішінде тұрғындарды таза ауыз сумен және су жеткізумен қамтамасыз етуге шамамен 250 миллиард теңге бөлінеді.

Атқарушы билік органдары «Нұрлы жол» бағдарламасын толық және сапалы іске асыруға баса мән беруі керек.

Бұл – стратегиялық жоба. Соның арқасында бүкіл көлік инфрақұрылымы жаңғыртылады.

Осы мақсатқа орай, мемлекет 2022 жылға дейін 1,2 триллион теңгеден астам инвестиция салады» деп атап көрсетті.

Қазіргі таңда Тараз қаласында инфрақұрылымды дамыту мәселесі шаһардың 2010 жылы бекітілген бас жоспарымен сәйкестендіріле жүргізілуде.

Бүгінгі күнге, бас жоспардағы қайта жаңғыртылатын аумақтар 55,7 пайызға егжей-тегжейлі жоспарлаумен қамтылған. Болашақта бас жоспарды толық орындау мақсатында жалпы 7 072 гектар көлемін егжей-тегжейлі жоспарымен қамту қажет. Осы жұмыстар үш кезеңге бөлініп, үстіміздегі жылы 2 960 гектар аумақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтылатын болады.

2018 жылы, алғашқы кезеңдерге құрылыс жұмыстарын жобалау мақсатында қала орталығының 102 гектарына, «Тектұрмас» тарихи-мемориалдық кешенінің 59 гектарына, «Арай» тұрғын алқабының 241 гектарына және «Көлтоған», «Жиделі», «Қарасай», «Қызыл-Абад» тұрғын алқаптарының 556 гектарына, жалпы 958 гектарына егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленді.

Қаладағы өзекті мәселелердің бірі «Құмшағал», «Шөлдала» тұрғын алқаптарының аумағында орналасқан 28 саяжайға «тұрғын алқабы» мәртебесін беру мақсатында жалпы 1028 гектарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітіліп, саяжай тұрғындары жер бөліміне өтініштерін беруде.

Келесі кезекте, қаладағы 6 418 гектар құрылыс жүргізілген аумақтарда инженерлік геодезиялық жұмыстарын жүргізуге көңіл бөлінуде. 2019 жылы оның 3086 гектары қала бюджеті және «Қала кадастр» кәсіпорыны есебінен топо түсіріліммен қамтылатын болады. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі. Осылайша Тараз қаласындағы тындырымды тірліктер рет-ретімен іске асуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір