• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 06:38:50
Алматы
+35°

Мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде Тараз қаласында да талай тірлік тіктелуде. Әсіресе, инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде көшелерді жарықтандыру, электр желілерін жаңғырту сынды жұмыстар жүйелі жүйеі жүзеге асуда.

Айта кету керек, қаладағы көшелерді жарықтандыру және электр желілеріне қызмет көрсету жұмыстары тұрақты қамтамасыз етілуде. 2019 жылға осы салаға 605,8 миллион теңге қарастырылған.

Көшелерді жарықтандыру бойынша ағымдағы жылы 2 даңғыл мен 27 көшелерде темір бетон бағаналарды металдық бағаналарға ауыстыру, светодиодтық шамдарын орнату және кабелдерді жер астымен жүргізу жұмыстары атқарылатын болады.

Бұдан басқа, қаланың 99 қиылысындағы жол белгілері мен бағдаршамдардың бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағаналарда қосымша уақытты кері есептегіш және көше атауларын бағыттайтын белгілер орнатылуда.

Қаладағы жарықтандырылған көшелердің жалпы саны - 170, бұрылыстар - 50, мөлтек аудандар - 13, тұрғын алқаптар - 5, жалпы ұзындығы - 476,82 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар көне шаһардағы көлік кептелісін азайту және көлік қозғалысын ыңғайландыру мақсатында, техникалық қадағалау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе, қаладағы бірнеше көшенің қиылыстарындағы бағдаршамдар уақытша өшіріліп, нәтижесі зерделенуде.

Атап айтқанда: Сүлейменов - Жалаири, Сүлейменов - Крупская, Балуан Шолақ - М.Мәметова, Абай - Сухамбаев, Сухамбаев - №5 орта мектеп алдындағы бағдаршам, Жамбыл-Сенкібай, Төле би –«Хром зауыт» аялдамасы алдындағы бағдаршамдар.бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, Абай даңғылы мен Петров көшесінің қиылысы маңындағы бағдаршам алынып тасталды.

Тағы бір айта кетерлігі, Тараз қаласындағы 10 көше қиылыстарында «ақылды бағдаршам» көлік қозғалысын интеллектуалды басқару жүйесі енгізілген. Атап айтқанда мұндай қондырғылар бүгінде Төле би даңғылы - Әл-Фараби көшесі қиылысы; Жібек жолы көшесі - Самарқанд көшесі қиылысы; Жібек жолы көшесі - Балуан Шолақ көшесі қиылысы; Тәуке хан көшесі - Саңырақ батыр көшесі қиылысы; Жамбыл даңғылы - Көшеней көшесі қиылысы; Төле би даңғылы - Аққозиев көшесі қиылысы; Абай даңғылы - Ташкент көшесі қиылысы),Жамбыл даңғылы - Сәтпаев көшесі қиылысы; Жамбыл даңғылы - Ниетқалиев көшесі қиылысы және Жамбыл даңғылы - Сүлейменов көшесі қиылысында іске қосылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір