• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:03:44
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жасаған алғашқы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде білім беру саласын дамытуға баса назар аударғаны белгілі. Бұл тұрғыда оқушылардың ой-өрісін дамыту мен мұғалімдердің біліктілігін арттырудан бөлек мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтудың да маңызы зор. Бүгінде Тараз қаласында бұл бағытта ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарлылуда.

Айта кету керек, биыл қаладағы мектептердің материалдық-техникалық жағдайын нығайту мақсатында №41 гимназияға биология кабинетін алуға 5,7 млн. теңге, №11 мектепке физика кабинетін алуға 7,1 млн. теңге, №18 мектепке химия кабинетін алуға 6,6 млн. теңге, 28 мектептің пандустарын талаптарға сәйкестендіруге 31,2 млн. теңге, 10 мектепке роботтехника кабинетін алуға 87,8 млн. теңге және 16 мектептің бейнебақылауын жаңартуға 55,2 млн. теңге қаражат қарастырылып, конкурстық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, №5, 45, 51, 54 мектептерден IT сыныптарын ашуға жергілікті бюджеттен 44,6 млн. теңге қарастырылды. Мектептен тыс техникалық шығармашылық орталығынан технопарк ашуға 14,8 млн. теңге бөлінді.

Есепті жылы №№8, 12, 14, 39, 52, 50, 57, 15, 23 мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізуге 26,9 млн. теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда, кейбір мектептерде басқа да күрделі мәселелер шешуді қажет етеді. Олар, №22 мектепке акт залы мен асханаға арналған және №7 мектепке акт залы мен 5 сынып бөлмелерге арналған жапсарлас ғимараттарының құрылыстарын жүргізу керек. Бұл мәселелер бойынша жобалық сметалық құжатамаларды әзірлеу жұмыстары осы жылы басталып, құрылысты 2021 жылы жүргізу көзделуде.

Сонымен қатар облыс деңгейінде бекітілген білім нысандары құрылысының Жол картасына сәйкес, «Шалғай-Қарасу» және «Барысхан» тұрғын алқаптарында әрқайсысы 600 орынды мектептердің және «Казарма» алқабында 180 орынды мектептің құрылыстары, 2021 жылы «Арай» және «Қайнар» алқаптарында әрқайсысы 600 орынды мектептердің құрылыстары жоспарлануда.

Аталған нысандар бойынша қазіргі таңда жобалық-сметалық құжатамалары әзірленуде.

Ал, №1 лицейге 300 орынға арналған жапсарлас ғимараттың жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан шықты. 2020 жылы жоғары тұрған бюджетке ұсынылатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір