• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қазан, 05:42:40
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

08 Қазан, 2019 Аймақтар

"Алтын құрсақты" анаға құрмет

Бүгінде мемлекет тарапынан көпбалалы аналарды құрметтеуге бағытталып жатқан бастамалар аз емес. Бір ғана әлеуметтік төлемдердің өзі отбасылардың әлеуетін арттырып, тұрмысын түзеуде. Жамбыл облысында да батыр аналарды аялауда ауқымды шаралар атқарылуда. Соның бір көрінісі ретінде Мойынқұм ауданының әкімі көпбалалы анаға «Күміс алқа» табыс етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аудан әкімдігінде елді мекен басшысы Мәден Мұсаев алты бала тауып, өсірген Мойынқұм ауылының тұрғындары Сеңгірбаева Айнұр Сабырқызы мен Самбетбаева Айнұр Алпысбайқызын қабылдап, олардың жағдайларымен танысты. Содан соң екі ардақты анаға Қазақстан Республикасы Президентінің 16 қыркүйек 2019 жылғы Жарлығымен наградталған «Күміс алқа» алқасын салтанатты жағдайда тапсырып, гүл шоғын ұсынды, иықтарына ақ орамал жапты. Сондай-ақ оларға аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы зор денсаулық, отбасы амандығын тіледі.Қабылдауға аудандық мәслихаттың хатшысы Шахикерім Исабеков қатысып, ізгі тілегін жеткізді.

Иә «әке асқар тау» десек, «ана ағым жатқан бұлақ». Ешқашан сарқылмайтын сарқырама. Бойыңа бар жылулығы мен мейірімін дарытанын мейірімді жан. Құрсағы алтын осынау аналарды құрметтеу бүгінде мемлекетімізде бірінші орынға қойылып отыр. Нақтырақ айтсақ, көпбалалы отбасыларға ай сайын әлеуметтік төлем төленіп отырса, олардың баларынан оқу гранттары мен әртүрлі жеңілдіктер бірінші кезекте жасалуда. Одан бөлек, пәтер кезегінде тұрған көпбалалы, «Алтын», «Күміс» алқалы аналар алғаш болып тұрғын үй кілтіне қол жеткізуде. Естеріңізде болса, бір реттік несиелерін мемлекет тарапынан Үкімет кешіріп бергенде де алдыңғы қатарда көпбалалы аналар тұрды. Енді міне Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің тұрғындардың тұрмысын түзеуге бағытталған жемісті жобасының да шарапатын бірінші кезекте көпбалалы отбасылар көргелі тұр. Сондықтан құрсағы алтын аналарға жасалып жатқан мемлекеттік қамқорлық үшін тек алғыс айту қажет. Бұл орайда мойынқұмдықтардың да аналарға деген қолдауы мен демеуін, ілтипаты мен құрметін ерекше бағалау қажет. Аман болыңдар, алтын құрсақты аналар! Сізден мемлекетіміздің ең асыл қазынасыздар!

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір