• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:26:55
Алматы
+35°

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың білім саласын дамытуға деген ерекше қамқорлығының арқасында білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелер дер кезінде шешімін табуда. Жасалған жағдайлар нәтижесінде өткен оқу жылында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Мәселен Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында 2019-2020 оқу жылында барлығы 986 мұғалімнің 523-ы жоғары және бірінші санатты ұстаздар тізіміне енді. Жаңа аттестаттау жүйесіне сәйкес 80 педагог-зерттеуші, 114 педагог-сарапшы біліктілігін алды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2019-2020 оқу жылында 4, 9,10 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшті. Демек, мұғалім балаларды осы жаңартылған білім мазмұнына көшуге дайындау керек. Оның бір жолы – білім алушы қызметін жандандыру тәсілдерін пайдалану, оларға барынша дербестік беру. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 612 педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті.Ауданда облыстық, республикалық байқауларға, ғылыми жобаларға, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орынға ие болған ұстаздардың еңбегін мақтанышпен айтуға болады. Олардың қатарында ХХ облыстық Абай оқуларына Жамбыл мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Шәміл Несіпбай қатысып, 2-орынды иеленді. Пән мұғалімі Әлия Саурықова дайындауда қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткізілген Республикалық «Алтын тобылғы» зияткерлік олимпиадасына ауданнан 50 оқушы қатысып, 6 оқушы 1-орынды иеленді. Пән мұғалімдері Светлана Оспанова (М.Жұмабаев ат. м-л), Алтынай Қалымбетова (М.Жұмабаев ат. м-л), Айдана Таханова (К.Қасымов ат. о/м), Толқын Тлеулиева (Т.Рысқұлов ат. т/м), Назгүл Жұпбаева (Қ.Рысқұлбеков о/м), Далмира Дәуренбекова (Б.Момышұлы о/м). Облыстық «Ең үздік мектепалды даярлық педагогы» мектепалды даярлық педагогтарының кәсіби беделін арттыру және жас маманға қолдау көрсету,үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау барысында Ә.Молдағұлова атындағы негізгі мектебінің педагогы Таңшолпан Әукен ІІІ-орынды иеленді.

Бұл аудан жастарының жеңісінің бір парасы ғана. Алдағы уақытта мойынқұмдық жастар бұдан да биік белестерге жететініне сенімдіміз. Себебі тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіретінін ұмытпаған жөн. Бұл орайды мойынқұмдық мұғалімдердің де білігі мен білімі жоғары екені хақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір