• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қазан, 09:50:54
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

08 Қазан, 2019 Аймақтар

Бауырлас елдер бас қосқан бастама

Жамбыл облысындағы «Жібек жолындағы сұхбат» атты екінші отырыстың модераторы бола отырып, халықаралық кездесулерді ұйымдастыру мен идеяның бастамашысы, қазіргі заманның ең жарқын еуразиялық көшбасшысы Әуезов Мұрат Мұхтарұлы философиялық пайымдаулардан ортақ іс-қимылға көшетін кез келгендігін ескертті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. - Бүгінде Орталық Азия түсіністікке, құрметтеуге, бостандыққа мұқтаж, себебі орта Азияның бірде-бір елі геосаяси жағы жете дамымаған, ал ол үшін біз бірігуіміз керек. Сондықтан жаhанның осал тұстарына және қоғамдық-әлеуметтік мәселелерінің оңтайлы шешім табуына батыл қадам жасауымыз қажет. Осы орайда, Қазақстан және көршілес мемлекеттердің зияткерлік элиталарымен белгілі бір деңгейде Орталық Азия елдерінің өзекті мәселелерін талқылауға, оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндігіміздің зор екені және бүгінгідей ашық форматта кездесу ұйымдастыра алатынымызды өте қуантады, - деп атап өтті Мұрат Мұхтарұлы өз сөзінде.

Сондай-ақ, «Сұхбат» барысында проблемалардың өзектілігі мен маңыздылығын ескере отырып, конференцияның баяндамалары мәдени құндылықтарды сақтау тұрғысында, туризмді дамытуға, туристік бағыттарды қалыптастыруға және Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған. Ұлы Жібек жолы тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды, ал жоба қорытындысы бойынша «Жаңғыру. Орта Азия халықтарының тарихи және заманауи тағылымы» тақырыбындағы «Жібек жолы бойындағы сұхбат - 2019» халықаралық мәдениеттану жобасының нәтижесі бойынша фильм түсіру де жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәжитов Саттар Фазылұлы өз сөзінде осы жобаның шағын кездесулерден басталып,өзекті мәселелерді талқылай жүріп, ірі диалог алаңына айналғаны жөнінде әңгімелеп берді: «Жоба мақсаты - Ұлы Жібек жолының тарихы мен әлеуметтік-мәдени тұрғыдан жаңғыруын саралау, Орта Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ортақ мәдени және тарихи құндылықтарды сақтау, өркениетаралық диалогты дамыту. Бүгінде жоба бүкіл Жібек жолының кеңістігіне шыққанын сенімді айтуға болады. Оның қатысушыларының міндеті-өз елдері үшін бейбітшілік пен ынтымақтастық идеяларын сабақтастыру, елдер мен халықтар арасындағы жан-жақты байланыстарды қайта жандандыруға және нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамыту контекстінде жалпы мәдени және жалпы тарихи құндылықтарды сақтауға ықпал ету. Ұлы Жібек жолын жаһанданудың бір түрі деп тануға болады, әсіресе, керуен жүгі бұрынғы ғасырларда тек жібек пен парчадан ғана емес, сонымен қатар кітаптардан да,сонымен бірге саяхатшылар арасында тарихшылар мен философтар да болды. Орталық Азия аумағында соғыс пен бейбітшілік қатар жүрді. Жібек жолы құбылысының феномені сапалы өмір сүруге шақырды. Ал қазір уақыттың ерекше талабы – ежелгі өркениет одағын қалпына келтіру және нығайту жолындағы үлкен мұра. Тараз қаласында өткен бұл «Жібек жолындағы сұхбаттардың» ең басты ерекшелігі – Қазақстандағы биылғы жастар жылында жастармен біріге өткізген игілікті іс-шара болды».

Форум қатысушыларының пікірінше, біздің халықтарымызды біріктірудегі басты құрал - либералды интеллигенцияның жоғары миссиясы мен жауапкершілігі, толыққанды мәдени, рухани интеграцияның маңыздылығын дәлелдеуге, туындаған сынақтарды біріге еңсеруге үйрететін болады. Тек қана жоғары мәдениет пен жоғары адамгершілік қана әлемді рухани ажырасу мен саяси бытыраңқылықтан құтқаруда күш береді. «Жібек жолындағы сұхбат» тараздық кездесуінде түрлі интерпретация интеллектуалдарының қорытындылары осындай.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір