• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:18:44
Алматы
+35°

Аға буын өкілдерін, қазыналы қарттарымызды құрметтеу бүгінгі ұрпақ — біздің басты парызымыз. Қарияларымыздың үлгісі мен өнегесі тәлім мен тәрбиенің бастауы деп білеміз.Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойымызға сіңіріп, үлкенге құрмет көрсету әр азаматтың парызы. Осы күндері қарттарды құрметтеп көңіл бөлу шаралары барша жерде жүргізіліп келеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Осы орайда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Аман жүрші, қарттарым» атты қамқорлық акциясы өткізілді.Акцияның мақсаты — қазіргі қоғамды қарт адамдардың проблемаларына назар аудартып, қайырымдылық істер жасау.Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан қарттар З.Демьянова, А.Көпбосынов, Е.Қапезовтердың үйлеріне арнайы барып, жағдайларымен танысты. Оларға сыйлықтар табыс етіп, Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына тыныштық, ұзақ ғұмыр тіледі. Ал қариялар болса оларға алғыстарын айтып, баталарын берді.

Осы күні Мойынқұм аудандық Ж.Қуанышбаев атындағы музейінде Халықаралық қарттар күніне орай еркін тақырыпта тәрбие сағаты өтті. «Өнер және қосымша білім беру» мектебі «Қарттарым –асыл қазынам» атты тәрбие сағатын өткізді. Баяндаманы Аяулы Аяпбергенова оқып, қазыналы қариялар жайлы мағлұматтар берді. Жүргізуші Жанар Қоңыратбаева мақал –мәтелдер айта келе, оқушыларға ән кезегі берілді.«Ақниет» театр үйірмесінің жетекшісі Айша Мумееваның ұйымдастыруымен оқушылар Жанель Алпысбай, Жанасыл Жарылқасын, Нұрайым Төлеген, Алтынай Жарылқасын, Нұрайым Серғалилар өлеңнен шашу шашты. Шақырылған қонақтарға гүлден сый –сияпат жасалып, музейде қойылған көрмеге М.Қанқожаева шолу жасады.Сонымен қатар Жамбыл ауылындағы Абай атындағы орта мектебінің оқушылары «Қарттарын қадірлеген-ел ардақты» атты көрмеге экскурсия жасады.

Мойынқұмдықтардың мұндай игі істері кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге екені анық. Ендеше жарайсыңдар демекпіз. Қартарым әрдайым аман болғай!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір