• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:28:54
Алматы
+35°

«Қартың болса, қазына» дейді дана қазақ. Иә қазыналы қариялардың орны қоғамда әркез ерек. Ертеректе дәл осы аға буын үлкендер даудың да, дауылдың да бетін қайтарып, жауласқан елдерді ымыраға келтіріп, төре мен ханның өзіне төрелігін айтып отырған. Сондықтанда елімізде Ардагерлер кеңестері құрылып, билік те қариялармен кеңесіп, ақылдасып шешіп шығаруды дәстүрге айналдырған. Осы орайда Қарттар күніне орай Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық Мәдениет үйіндегі «Білім орталығында» дойбыдан аудан ардагерлері арасында турнир өтті деп аталатын түрі көп өсірілуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған шараға Мойынқұм ауылының 9 ардагері қатысты. Олардың арасында ең үлкені 80 жасқа тақаған Сеңгірбаев Сабыр болғанын айта кеткен жөн.Турнирдің ашылу салтанатында аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев, Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Сержан Садуақасов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Манарбек Көшкімбаевтар сөз алып, алдымен ардагерлерді Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық тіледі. Содан соң аталған турнирде жеңіске жетулеріне тілек білдірді.

Бұдан кейін жарыс көркі қыза түсіп, ардагерлер дойбы ойнында өз шеберліктерін көрсетті. Аса тартысты өткен бәсекеде бірі жеңіп, бірі жеңіліп жатса, тең түсіп жатқандарда болды.Турнир қорытындысында барлық қарсыласынан басым түскен еңбек ардагері Әбдікерім Тойшыбеков бірінші орынды иеленді. Ал аудандық «Мойынқұм таңы» газетінің бас редакторы Сүндетулла Әбілов екінші, еңбек ардагері Қажым Зарипов үшінші орынға қол жеткізді. Мойынқұм ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұханбетқұл Сабыров ынталандыру сыйлығына ие болды.Жеңімпаздарға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев диплом, медаль және бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Міне осылайша турнирді ұйымдастырушыларға алғыстарын айтқан ардагерлер қарттар күні мерекесінде бастары қосылып, бір жасап қалды.

Иә, бұл көпке үлгі шаруа екені даусыз. Ардагерлер осылайша кейінгі ұрпаққа өнегелі іс жасап жатса, жастардың да буыны ерте қатая түсетіні анық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір