• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:23:23
Алматы
+35°

Келешекке нық қадам жасау үшін өшкеніңді жаңғыртып, өткеніңді ұмытпау қажет. Бұл атадан балаға мирас болып келе жатқан өсиет. Ал ізі таста қалған тарихтың құтты мекені мұражай екені белгісіз. Осынау мекенде кейінгілерге мұра болып ғана қоймай, тегіміз бен тектілігімізді танытатын жәдігерлер жеткілікті. Міне осынау бағымыз бен барымызды насихаттау, әрі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үн қосу мақсатында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында игі шара ұйымдастырылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Амангелді Нәметқұловтың ұйытқы болуымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудан әкімі аппаратының қызметкерлері Ж.Қуанышбаев атындағы аудандық мұражайға саяхат жасады. Онда мұражай экскурсаводы Меруерт Қанқожаева табиғат бөлмесіндегі ауданымызда Қызыл кітапқа енген, аң құстарды, өсімдіктерді, археологиялық бөлмедегі ауданымыздың картасы, Бірлік ауылының оңтүстігінен шығысқа қарай 5 шақырым жердегі «Төрткүл»қалашығынан табылған қыш құмыраның сынықтары, керамиканың түрлері, Жаз-атаның арнайы бұрышымен, ондағы Жаз-атаның өзінің жатқан төсегі, әр жылдардағы суреттері мен құжаттары, құтты ақ таяғы және суретші Заңғар Медетбековтың Жаз –атаның қос ұлымен жайлаудағы бейнесі, Қазақ хандығын алғаш құрған Жәнібек пен Керей ханның ат үстіндегі бейнелері тағы да басқа да құнды жәдігерлермен қызықты әрі түсінікті етіп мемлекеттік қызметкерге жеткізді.Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер өздерінің сауалдарын қойып, жауаптар алды. Ауданның тарихы туралы ерекше мәліметтер біліп, рухани байып, бір серпіліп қалған мемлекеттік қызметкерлер мұражайдың қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.

Иә бұл да халықты рухани сусындатудың бір жолы. Әсіресе мұндай бастамаға мемлекеттік қызметшілер мұрындық болып жатқаны қуантады. Мемлекеттік қызмет мінсіз, ал мемқызметшілер өзгелерге үлгі болуы қажет деген қанатты сөздердің астарында осындай тірліктер жатқаны даусыз. Әрине мұражайдың құнды жәдігерлері бір сәтке болса да адамды өткенге ала кетіп, тарихи сәттерді көз алдыңа елестетіні бар. Бұл орайда Мойынқұм ауданының мұражайы құндылыққа бай екені дәлелдеуді қажет етпейді. Ендеше осынау тірлік өзгелерге үлгі болсын деп тілейміз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір