• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:17:01
Алматы
+35°

Бүгінде мемлекет тарапынан білім саласын дамытуға бағытталып жатқан жұмыстар жетерлік. Мұндағы басты мақсат – сапалы ұрпақ өсіріп, тәрбиелеу. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында осынау мақсатты міндетті нақты айқындап берді. Бұл орайда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы білім саласындағы жұмыстар көз сүйсіндіреді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы бүгінде елді мекендегі мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің жетістігі жетерлік. Атап айтсақ, облыстық «Өзін-өзі тану пәнінің үздік мұғалімі» атты байқауында М.Жұмабаев мектеп-лицейінің «өзін-өзі тану» пәні мұғалімі А.Жанатова ІІІ орынды иеленді.

Аудандық байқаудың жеңімпазы және облыстық «Дарынды балаға- талантты ұстаз» байқауына қатысқан, Жамбыл мектеп гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Балжан Жанғабыл ІІ орынды иеленді.

Техникалық балалар шығармашылық орталығының білім алушылары «Отаным -менің бастамам» тақырыбында өткен облыстық шығармашылық жобалар байқауына қатысып, Ержан Мырзалиев «Бас жүлдені» және Ерасыл Қайрат І орынды иеленіп, Республикалық кезең жолдамасына қол жеткізді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға ауданнан барлығы 19 оқушы 9 пәннен қатысып, оның үшеуі үшінші орынды иеленді. Атап айтқанда, Жамбыл мектеп –гимназиясынан Мұрат Нұрмахан география пәнінен ( пән мұғалімі К.Жиенбаева), Мадина Абжанова тарих пәнінен (пән мұғалімі Г.Бұзаубаева), Абай орта мектебінен Аружан Сыздықова қазақ тілі мен әдебиетінен (пән мұғалімі С.Дүйсеметова) III орынға ие болды.

Бүгінгі күнде жалпы білім бөліміне қарасты 15 балабақша мен 7 шағын орталықта 1492 бала тәрбиеленуде, ол аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 98,3 пайыз, 3-6 жас аралығында – 100 пайызды құрап отыр.

ҰБТ-ге дайындық сапасын жақсарту бағытында 6 рет білім бөлімі тарапынан сынақ тест алынып, 23 іс-шара өткізіліп, оған 580 мұғалім қамтылды. Нәтижесінде аудан бойынша ҰБТ-дегі орташа балл 91,5 пайызды құрады. Ол өткен жылмен салыстырғанда 4,3 баллға жоғары.

Аудан мұғалімдері биылғы оқу жылында жақсы бастап отыр. Басты мақсат- оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру. Ал ол үшін ұстаздарға барлық жағдайлар жасалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір