• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қазан, 17:16:55
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

09 Қазан, 2019 NEWS

МӘМС. Азаматтардың статусын анықтайтын плагин қолданысқа енгізілді 

Медициналық сақтандыру қоры тұрғындардың сактандыру жүйесіндегі мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы жобаны іске қосты. Аталған плагин арқылы кез келген азамат сақтандыру жүйесіндегі мәртебесін анықтай алады, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы.

Хабарламаға сүйенсек, статусты анықтау үшін fms.kz сайтына кіріп, ЖСН енгізу қажет. Нәтижесінде әркім өзінің сақтандырылған-сақтандырылмағанын біле алады. Сонымен қатар, жүйе арқылы азаматтар жұмыс берушілер аударып жатқан төлемдер жайында да толық мәлімет ала алады. Жобаның басты мақсаты – халықтың уақытын үнемдеп, сұранысқа сай  жүйені барынша ыңғайландыру.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда МӘМС жүйесі басталады. Осы уақытқа дейін тұрғындар тегістей дерлік сақтандыру жүйесіндегі статусын анықтап алуы керек. Сақтандырылмаған азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне енген қызметтерді пайдалана алады. Ал, МӘМС пакетіне енген медициналық көмек түрлері сақтандырылған азаматтарға ғана көрсетіледі», делінген хабарламада.

Әзірлеушілердің пікірінше, әмбебап жүйені алдағы уақытта барлық интернет-русурстар арқылы пайдалануға мүмкіндік тумақ. Ол үшін қызығушылық танытқан сайт иелері плагинды орнатуы тиіс.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір