• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қазан, 07:05:43
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

09 Қазан, 2019 NEWS

Жаңа жәрдемақы: он баласы бар отбасылар 100 мың теңге ме, әлде 73 мың теңге ала ма?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жеті және одан көп баласы бар отбасыларға ай сайын қанша теңге төленетінін нақтылады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Журналистер еңбек министрінен он баласы бар отбасылар 100 мың теңге ме, әлде 73 мың теңге ала ма деп сұрады.

"Бюджет мүмкіндігін ескеріп, әзірге жеті және одан көп баласы бар отбасылар үшін 73 мың теңгемен шектеліп отырмыз", - деді Нұрымбетов мәжіліс кулуарында.

Айтуынша, қазір республикада 343 мың көпбалалы отбасы бар.

"Соның ішінде үш баласы барлар – 27%, 4 балалы отбасылар – 61%, бес баласы бар жанұялар – 9%, 7 және одан көп баласы барлар 3%-і құрап отыр. Сондықтан біз осыны және бюджеттік мүмкіндіктерді ескердік", - деп түсіндірді министр.

Ол егер ұсыныс парламенттен қолдау тауып, заң жобасы қабылданса, көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан төленетінін жеткізді.

Мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт және одан көп немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді.

Бұған дейін еңбек министрлігі мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланатынын, әр балаға орташа есеппен 10-11 мың теңге төленетінін хабарлаған болатын.

Бұдан бөлек, егер көпбалалы отбасы табысына қарай тұрмысы төмен отбасы санатына жатса, онда бұл жанұяға атаулы әлеуметтік көмек пен балаларға кепілді әлеуметтік пакет те тағайындалады.

 

Ілмек сөздер: жәрдемақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір